Оқи отырыңыз
Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды
Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол әкімдік қызметкерлерімен бірге алаяқтық бойынша күдікке ілінді.
10 Қараша, 2023
Демалыс күндері ауа райы 18 градус жылы болады
Синоптиктер 11-13 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес елімізде +18°С-қа дейін ауа температурасы жоғарылайды, сондай-ақ көш мөлшерде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қараша, 2023
Ресей мен Қазақстан арасында ортақ валюта енгізіле ме? – Агенттік төрағасы жауап берді
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы тауар айналымында ұлттық валюталар арқылы есеп жүргізіледі. Біздің еліміз одақ құрамына кіретін мемлекеттердің бір-бірімен өз валюталарымен төлем жасауын кеңейтуді қолдап келеді.
10 Қараша, 2023
Қауіпті дертпен қоғам болып күресу керек
Жарнамасы жер жарып тұрған құмар ойындардың құрған торына түскендер жылдан-жылға көбейіп барады. Тіпті құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, екі есе асып түскен. Мәселен, 350 мыңнан астам отандасымыз құрдымға кетірер құмар ойындарға тәуелді. Кеше Мәжілістегі «Amanat» фракциясының кеңейтілген жиынында лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері тағы да талқыға түсті.
10 Қараша, 2023
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар және Мәжіліс депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы талқыланды.
10 Қараша, 2023
Ресей – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі. Бұл байланысты ондаған жыл бойғы жемісті ынтымақтастық растайды. Халық тілімен айтқанда, патша заманынан бері қазақ пен орыс көрші болып келеді. Одан кейін де арамыз ажыраған жоқ.
10 Қараша, 2023
Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында дәстүрлі ART&TUR халықаралық туристік кинофестивалі өтіп, онда Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик екі аталым бойынша үздік деп танылды.
09 Қараша, 2023
Павлодар облысында қос ауылдың 50-ден астам жылқысы қырылып қалды. Үйірде жүрген жануарлар қарабидай егістігінде оттыққан. Ветеринарлар малдың әбден тойынып немесе шөптен уланып өлуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
09 Қараша, 2023
Маңғыстау мекені өнер-мәдениетімен, тосын мақамымен дараланып тұрады. Оған күні кеше ғана Арқа төсіне – Алаш төріне әнін айтып, күйін тартып келген маңғыстаулық өнерпаздарды тамашалап, кезекті рет куә болдық. Астана қаласының 25 жылдығы мен Маңғыстау облысының 50 жылдығы аясында өткен «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» атты мәдени күндерінде бір сәт киелі мекенге сапар шегіп қайтқандаймыз. Өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев сынды ресми тұлғалар мен ел ағалары, өнер қайраткерлері бастап келді.
09 Қараша, 2023
Елімізде 115 тауарлы сүт фермасы салынады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында Қазақстанның аграрлық секторын индустрияландыру мәселесіне тоқталып, үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндеті жүктелгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2023
Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі - балалар
Денсаулық сақтау министрі ел азаматтарын қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларына қатысуға шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қараша, 2023
Жолдау аясындағы жобалар талқыланды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар ЕАЭО аумағындағы аудиторлық қызмет туралы заңды қарап, мақұлдады.
09 Қараша, 2023
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сол себепті де энергетика саласындағы жұмысты жетілдіру Мемлекет басшысының тікелей назарындағы мәселе. Күннен қуат алатын энергия көздері бойынша аймағымыз республикадағы көшбасшы өңірге айналды. Жақында Қарағанды облысы тағы бір «жасыл» нысанмен толықты. Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданына жақын орналасқан өнеркәсіптік алаңда «СЭС 4,77 мвт» күн электр стансасы іске қосылды.
09 Қараша, 2023
KEGOC SPO: Сұраныс ұсыныстан 1,5 есеге артты
Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде «KEGOC» АҚ акцияларын қайталама орналастырудың (SPO) нәтижелері» атты брифинг өтті. Онда екі акционерлік қоғамның басшылары мен тиісті мамандары шараға қатысушылар мен журналистерді толғақты тақырыппен жан-жақты таныстырды. Сөйтіп тілшілерді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.
09 Қараша, 2023
2000 ауыл мектебі «Starlink»-ке қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шалғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
09 Қараша, 2023
Міндетті таңбалаудың мүмкіндігі
Елімізде соңғы жылдары тұрақты түрде тауарларға таңбалау жүргізу қолға алынғаны белгілі. Соның арқасында көлеңкелі айналымның үлесі төмендеп, халықты жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік туды. Міндетті таңбалау енгізілгеннен бері, соңғы екі жылда жеңіл өнеркәсіп нарығында – 65%, оның ішінде аяқкиім – 48,5%, алкогольді ішімдіктер 25% болса, дәрі-дәрмектер 12%-ға төмендеген. Биылғы жылдың бірінші сәуірінен бастап, елімізде аяқкиім тауарларын таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енген болатын.
09 Қараша, 2023
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Қазақстан синоптиктері 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қараша, 2023
Қазір АҚШ қол жетпейтін арман емес. Тек ерік-жігер, күш-қайрат серік болса, көздеген мақсатың мен жүйелі жоспарың әп сәтте еңселі елдің бір бөлшегіне айналдырады. Бұл сөзімізге бірнеше жыл қатарынан жүргізген табанды әрекетінің арқасында Америкада табысты кәсіпкерге айналған қазақ баласы Ақжол Жұмағұловтың жетістігі дәлел. Осы іскер азаматпен сәтті күндердің бірі жүздесіп, арнайы сұхбат құрдық.
08 Қараша, 2023
Кәмпит беріп алдаған: Алматыда 7 жасар қызды көршісі зорламақ болған
Алматы облысы Ақсеңгір ауылында жеті жасар қызды зорламақ болған күдікті ұсталды. Қыздың туыстары 49 жастағы көршісі далада ойнап жүрген қызды үйіне әкетіп, бейәдеп қылықтар жасағанын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
08 Қараша, 2023
Көз ауруын анықтайтын нейрожелі
Отандық ғалымдар сирек кездесетін көз ауруларын анықтайтын нейрожелі ойлап тапты. ZebraEye медициналық суретті пайдаланып, жасанды интеллект арқылы дәрігерлерге диагностика жасауға көмектеседі. Осылайша, мыңдаған қате диагноз жойылмақ.
08 Қараша, 2023