Оқи отырыңыз
Қазақстанда ірімшік қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің 1 келісі 4378 теңгені құрады. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда бұл өнім 31,4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2022
Филиппиндегі дауылдан қаза тапқандар саны 152-ге жетті
Филиппинде «Налджи» тропикалық дауылы 4,12 миллионнан астам адамға әсер етті. Дауыл салдарынан 152 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
04 Қараша, 2022
Қапшағайдағы балық шабақтарының қырылу себебі анықталып жатыр
Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылу себебі анықталуда, деп хабарлайды Egemen.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қараша, 2022
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезі басталды
Бүгін Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының X съезі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2022
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Жетісу облысының тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, министрлік жетекшілік ететін салалардың дамуы туралы баяндады.
04 Қараша, 2022
Жуырда естіген мына бір хабар жүрекке жылу ұялатып, «осындай жайтты көбірек насихаттасақ, ел ішінде жақсылыққа деген сенім жоғалмас еді-ау» деген ойға келдік. Әлеуметтік желіні парақтап отырып оқыған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білуі мүмкін деген адамдарға хабарластық. Өстіп отырып өзіміз іздеген ауыл дәрігерінің де телефон нөмірін тауып алдық.
04 Қараша, 2022
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет түрлерін алу қарапайым тұрғындар үшін жеңілдей түскен. Мұның барлығы да цифрлық технологиялардың республикада дамуының нәтижесі деп білген жөн. Осы орайда Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғыртуда «Азаматтарға арналған үкімет» тарапынан ауқымды істер атқарылып жатыр. Мәселен, тұрғындарға мемлекеттік қызмет алудың барлық түрі қазіргі таңда ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті.
04 Қараша, 2022
Гидравликалық құрылғы жасайтын компания
Бүгінде Қостанайда жеңіл автокөлік, трактор-комбайн, автобус, тағы басқа да сан алуан арнайы техника түрлерін құрастыратын бірнеше зауыт бар. Алайда бұл зауыттар өндіріске қажет қосалқы бөлшектің көбін сырттан әкеледі. Дегенмен өңірде кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен техника құрастыруға қажет ұсақ-түйек бөлшектерді ұқсатып жасап шығарып жатқан шағын кәсіпорындар да бой көрсете бастады.
04 Қараша, 2022
2 қарашада «Рақымшылық туралы» заң күшіне енді. Бұл құжаттың қабылдану себептерін ескерсек, еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы барын аңғаруға болады. Қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары ақталып, түрлі деңгейде қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді.
04 Қараша, 2022
Қараусыз малдан қауіп-қатер көп. Кейде орны толмас өкінішке ұрындыратын жол-көлік оқиғасына да себеп болып жатады. Өңірде жыл басынан бері қараусыз жүрген 3 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ мал ұрлығының 60 дерегі тіркелді.
03 Қараша, 2022
Өкінішке қарай, Қарағанды шахтасындағы апат тағы бес кеншінің ғұмырын қиды. Қарашаның 3-іне қараған түні сағат 3.00-де болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Ленин атындағы шахтадағы нәубет орны толмас аса ауыр қайғыға душар етті. Газдренаждық ұңғыма бұрғылау кезінде кенеттен жоғары концентратты метан газы бөлініп, шахтадағы 106 адамның 101-і дереу эвакуацияланды. Ресми ақпараттар алғаш 4 адамның қаза тапқанын жариялаған еді. Таңертең сағат 9:09 минутта бесінші адамның денесі табылғаны хабарланды.
03 Қараша, 2022
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі жәрдем жасалып келеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың танымал бағдарламаларының бірі – 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы, оның аясында «Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрі – субсидиялау және кепілдік беру көмегі ұсынылады.
03 Қараша, 2022
Бірлік алаңындағы айшықты істер
Жуырда Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қалалық Достық үйі базасында «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылды.
03 Қараша, 2022
Тобыл өңіріндегі ең көпұлтты елді мекендердің бірі – Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылы. Облыс орталығынан 30 шақырым қашықта жатқан елді мекенде тұрып жатқан сан алуан ұлттың тату-тәтті тұрмыс-тіршілігі ауылдық кітапхана жанынан «Қазына» орталығы ашылғалы тіпті ажарлана түскендей.
03 Қараша, 2022
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет әлемі: қазақ тілінің бүгіні, болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынды халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы ұйымдастырды.
03 Қараша, 2022
Өткен аптада әйгілі Елисей алабында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен шығарылған фильмдердің көрсетілімі өтті. Іс-шара IV Франциядағы Қазақстан киносы фестивалінің аясында ұйымдастырылды.
03 Қараша, 2022
Бағзыдан жалғасқан бекзат өнерді жанына серік еткен Тұрбай Мұратбектің шығармашылығы өнердегі қанаттастарына етене таныс. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде шәкірт тәрбиелеп жүрген ол инемен кескіндеме жазудың шебері.
03 Қараша, 2022
Жұмыр жердің бетіндегі жұмақ кейіптес «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі таулы, орманды, күміс көлдердің эко жүйесін қамти отырып, тарихи-археологиялық және ұлттық-мәдени ескерткіштерді сақтау мақсатында 1996 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Қазір өз міндетін мінсіз атқарып, қайталанбас табиғи бітім-болмысты сақтап отыр.
03 Қараша, 2022
Сәкен мен Серіктің сенімді жеңісі
Бұл күндері Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Сары құрлық бәсекесінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға көтеріліп, тек екеуі ғана келесі айналымға жолдама алды. Өкінішке қарай, 63,5 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Маңғыстау облысының өкілі Санатәлі Төлтаев екінші кезеңде Өзбекстан құрамасының намысын қорғайтын қазақ – Руслан Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
03 Қараша, 2022
Жылы жаққа бет алған үйірінен қалып қойған сұңқылдақ аққу Бурабай кентіндегі зоологиялық бақта қыстап шығатын болды. «Қызыл кітапқа» енген құс төресін келер көктемге дейін Президенттің Іс басқармасына қарасты «Бурабай даму» серіктестігі бағып-қағады.
03 Қараша, 2022