Оқи отырыңыз
Елімізде жаңа сайлау науқаны басталды. Қазақстан Президентін сайлау қоғамда қолға алынған саяси реформалардың жалғасы ретінде қабылданды. Әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси ахуал ел үкіметтері үшін жаңа сын-қатерлер мен қиын шешімдер қабылдауды талап етіп отыр.
04 Қазан, 2022
Жаңашылдыққа жаңылмай жетсек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл маңызды қадам жұртшылықтың жарқын болашаққа деген сенімін арттыра түскені анық.
04 Қазан, 2022
Өңір диқандары 4 млн 700 мың тоннадан астам астық бастырып алды. Биыл жауын-шашынның аз түскеніне қарамастан, жер ырысы мол болып, бидай бітік шықты. Жалпы өнім көлемі былтырғы көрсеткіштен 1,7 млн тоннаға артық. Астықтың шығымдылығы гектарына 12 центнерге жуықтайды. Жекелеген алқаптарда бұл көрсеткіш гектарына 18-20 центнерге дейін жетеді.
03 Қазан, 2022
Тастанды балалар азайып келеді
Түрлі тағдырды тоғыстырған Алматы сияқты ірі шаһарда шалыс басқан бір қадам өмірдің соңына дейін ілесуі бек мүмкін. Осындайда адасқанға дем беріп, дұрыс жолға бағыттап отыру – қоғам міндеті. Әлеумет болып қолға алған игі бастамалар көкейкесті мәселелердің оң шешім табуына негіз болмақ.
03 Қазан, 2022
Торғай өңірін өркендететін жобалар
Арқалық қаласында Торғай өңірінің экономикасын дамытуға арналған инвестициялық жобалар жөніндегі бизнес-форум өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.
03 Қазан, 2022
«Үздік маман-2022» жеңімпаздары марапатталды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік маман-2022» деп аталатын газ саласы мамандарының кәсіби шеберлігін байқайтын конкурсы да өз мәресіне жетті. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Оқу-курстық комбинаты филиалының Шымкент қаласының іргесіндегі Ақбұлақ ауылында орналасқан оқу алаңында өткен жарыстың жеңімпаздары алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
03 Қазан, 2022
EcoStudentKZ челленджі Шымкенттен бастау алды
Шымкент қаласындағы сегіз оқу орнының студенттері өткен сенбіде шаһардағы Қошқар ата өзенінің жағалауын тазалап, алғашқы болып республикада EcoStudentKZ челленджін бастады. Осылайша, туған жердің экологиялық мәселесіне жанашырлық танытқан шымкенттік жастар эстафетаны Павлодар қаласының жастарына жолдады.
03 Қазан, 2022
Еліміздің Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өскемендегі «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өңір жұртшылығымен кездесіп, салада қолға алынған ауқымды реформаларды түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесу тікелей әлеуметтік желілер арқылы да таратылды.
03 Қазан, 2022
Ел тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғалар өмірін зерттеп, тарихи әділдік тұрғысынан қарау – бүгінгі тарих ғылымының алдында тұрған келелі іс. Осы орайда архив қойнауында жатқан құжаттар негізінде кезінде солақай саясат салдарынан нақақтан-нақақ жала жабылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған қайраткерлердің өмірін терең зерделеу ісі жалғасып келеді.
03 Қазан, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен ATP 500 бәсекесінің іріктеу ойындары аяқталып, кеше негізгі кезеңнің алғашқы матчтары ойналды.
03 Қазан, 2022
Денис Теннің турнирі Алматыда өтеді
Осыған дейін Астанада өтіп келген Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді еске алуға халықаралық турнир Алатау баурайына қайта оралды. Аталған жарыстың жалауы биыл 26-29 қазан аралығында Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде желбірейді.
03 Қазан, 2022
Заңғар жазушыға бюст орнатылды
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 28 қыркүйекте 125 жыл толды. Тап осы күні Қарағанды шаһарында дара тұлғаның бюсті ашылды. Авторы – мүсінші Ербосын Бағыбаев. Мүсінші бюсті бір айға жуық уақыт жасапты.
03 Қазан, 2022
Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы облыстық көркемсурет галереясында белгілі қылқалам шебері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Әбілқасым Сәрсенбаевты еске алуға арналған «Өнерім өзіңе, туған жер!» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
03 Қазан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі
4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қоғам қайраткері, лингвист және жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
«Абай жолы» романы әзербайжан тілінде жарық көрді
Халықаралық Түркі академиясы Алматы қаласында өтіп жатқан Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Абай жолы» роман эпопеясының әзербайжан тіліндегі жаңа басылымын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
Өзбекстанда қазақстандық зауыт ашылды
Қазақстанда қабырғалық материалдардың ірі өндірушісі - «Ecoton» компания тобы Өзбекстанда газобетон өндіретін зауыт ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
Қазақстанда мұғалімдерге арналған бескүндік енгізілді
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ерекшеліктерін анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
Саудагерлердің шығынын кім өтейді?
Көне шаһардағы жаңа базарда ала таңнан өрт шықты. Салдарынан отызға жуық нысан тілсіз жаудың құрсауында қалып, сау-тамтығы қалмай жанып кетті. Деректерге сенсек, өрт 600 шаршы метр аумаққа дейін жеткен. Шығынға батып шырылдаған халық облыстық әкімдіктің алдына келіп, өңір басшысымен кездеспек болды. Жан бағып отырған кәсібінен қас пен көздің арасында айырылып қалған жұрт шығынды кім өтейтінін білгісі келеді.
03 Қазан, 2022
Еліміздегі адвокатура институтын жетілдіру мәселесі жайлы аз айтылған жоқ. Көпшілік адвокаттардың жұмысына көңілі толмайтынын, салада білікті мамандардың аз екенін алға тартады. Адвокаттар алқасы мүшелері құқықтық жағынан да, әлеуметтік жағынан да қолдауға зәру екенін айтады.
03 Қазан, 2022
Балаларды сөз өнеріне баулыған
Табиғатынан жаны нәзік, адам баласына тек жақсылық жасап, айналасына шапағатын шашып, көпшілікке қуаныш сыйлап жүретін адамдар болады. Сондай жанның бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білгірі, ұлағатты ұстаз, ақын Жұмагүл Нәлібаева.
03 Қазан, 2022