Оқи отырыңыз
Өңірдің эпидемиялық жағдайымен танысты
Қарағанды облысы бір айдан аса уақыт «қызыл аймақта» тұр. Сондықтан індетпен күрес іс-шараларын барынша күшейткен жөн. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірге жұмыс сапары барысында эпидемиялық ахуалмен танысып, халықты вакциналау барысын тексерді.
24 Мамыр, 2021
«Дарынға» құжат қабылдау жүріп жатыр
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталды. Бұл Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
24 Мамыр, 2021
Бопай ханым – болмысы бөлек тұлға
Жақында бас шаһардың бас театры – Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Бопай ханым» тарихи драмасының премьерасы зор табыспен өтті. Көпшілік көрермен көңілінен шығып, өнердің айтулы жаңалығына айналған қойылым – пьеса авторы мен театр ұжымының Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына жасаған тамаша тартуы. Болмысы биік Бопай ханым бейнесі арқылы өлмейтін өзекті тақырыптарды арқау еткен спектакль сергек ойлы көрерменін бейжай қалдырмады. Премьерадан кейін қойылым авторымен жүздесіп, сахнаға алғаш шығып отырған туындының тарихы мен туу тағдырынан сыр тарқатып, сиясы кеппеген шығарма жайындағы драматургтің ойы мен толғанысын білген едік.
23 Мамыр, 2021
Елордада заңсыз орналасқан базар қоғамдық кеңістікке айналады
Елордада бос аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарының жайлылығына, сондай-ақ алаңдардың сырт көрінісін жақсартуға ерекше назар аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2021
Антикор 42 іске әкімшілік хаттама толтырды
Биыл 5 сәуірден бастап ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Кодекстің кейіннен соттар қарайтын 15 бап бойынша хаттамалар жасау арқылы әкімшілік істерді қозғау құқығы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Орталық Азия елдерінің XXI ғасырдағы мәдениеттер татуластығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының алаңында «Орталық Азия елдерінің XXI ғасырдағы мәдениеттер татуластығы» халықаралық онлайн-конференциясында Қазақстан және халықаралық ғылыми ұйымдардың жетекші сарапшылары мазмұнды пікірталас өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Дәурен Абаев: Жастарға тиімді, елге пайдалы жобалар жасалуы тиіс
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті XXIV отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2021
Еліміздің батысында 250 мұғалім коронавирус жұқтырды
Батыс Қазақстан облысында төртінші тоқсанда 1 сәуірден бастап 250 мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Түркістанда суармалы жерлерді пайдалану мәселесі талқыланды
Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
Бейнеконференция байланысы режимінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021
Өткен шомылу маусымында 70-ке жуық бала суға кеткен
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Кімдердің жалақысы 53%-ға дейін өсетіні айтылды
Төтенше жағдайлар министрлігі ведомство қызметкерлерінің жалақысын 53%-ға дейін көтереуді және құтқарушылар үшін зейнетақы жасын төмендету мәселелерін пысықтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
870 мың теңге пара алған подполковникке 26,1 млн теңге айыппұл салынды
Алматы облысында ПБ бастығының орынбасарына пара алғаны үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Абай ескерткішіне жұмыртқа лақтырған ер адам кешірім сұрады
Павлодарда сүйіктісімен ұрысып қалған тұрғын әкімдік ғимараты жанындағы Абай ескерткішінен өшін алған. Ер адам ескерткішке жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
«Жастар» сарайы шығармашылық хабқа айналады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Жастар» сарайы жөндеуден өткеннен кейін қандай күйге енетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Мемлекеттік хатшы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына қатысты
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Вакцина салдыруға келген азамат дәрігерді соққыға жықты
Алматы облысы Ескелді ауданында вакцина салдыруға келген тұрғын дәрігерді соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
«Спутник V» вакцинасы жүкті әйелдерге де салынуы мүмкін
21 жүкті әйелге жүргізілген коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу барысында ауыр асқыну жағдайлары орын алған жоқ. Бұл туралы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Тұңғыш Президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты
Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО-ның құрметті төрағасы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Мамыр, 2021
Н.Назарбаев: Кейбір елдер өз ішінде тұйықтала бастады
ЕАОЭ құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы байланыстың маңыздылығын да тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Мамыр, 2021