Пікірлер .
Жуырда Finprom.kz сайты бірқатар статистиканы жариялағаны бар. Біздің назарымызға екі дерек ілінді. Екеуінің де астарына үңілсек, қазақ қоғамының кәсіпке деген көзқарасын, біздегі кәсіптің даму бағытын, нарықтағы бағаның құбылуын, тіпті қазақ қоғамының бүгінгі сұранысын, тірек етер құндылығын көрсетеді. Ал әлгі деректерге тоқталар болсақ, бірі еліміздегі қонақүйлер мен шипажайлар санының өскенін, екіншісі көңіл көтеру мен өнер саласына салынған инвестиция көлемінің артқанын көрсететін мәліметтер. Әрине «өсім бар» дегенді естігенде экономиканың осынау салалары дамып жатыр екен деп қуанып қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл деректер біздің кәсіпкерлікке қатысты ұстанымымызда өндірістен гөрі қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөлетінімізді әрі қоғамда бұл салалардың дамуына ыңғайлы жағдайдың қалыптасып отырғанын байқатады. Тіпті бұл деректер өндіріске бейім сананың қалыптаспағанына да нақты дәлел болады.
19 Желтоқсан, 2019
«Бүгіншіл» болып барамыз-ау...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында Үкіметке маңызды бір тапсырма жүктеген-ді. Президент «Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын» деген еді. Ал жыл болса аяқталып келе жатыр. Бірақ тиімді механизм әзірлеу тым қиын шаруа болатын түрі бар.
26 Қараша, 2019
Бейжіңнің ауасын мысал етеміз-ау...
Жақында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңадан әзірленіп жатқан экологиялық кодексте қоршаған ортаны ластағандарға салынатын әкімшілік айыппұлды 10 есеге өсіру тетіктерін қарастырып жатқанын естідік. Сөйтіп мемлекет табиғат пен оның ресурстарын келер ұрпақтан «қарызға алған» бүгінгі буынды айыппұл арқылы жөнге салуды көздеген тәрізді. Ал біз 10 еселік айыппұлды қолдаймыз. Өйткені табиғатымыздың тозып бара жатқанын байқап жүрміз. Әйтпесе тым көп айыппұлдың несі жақсы дейсіз?! «Сергектердің» өзі селт еткізетіндей «беделге» ие болғалы қаша-а-ан?!.
21 Қазан, 2019
ХІХ ғасырда Солтүстік Америка құрлығын ат тұяғының дүбіріне бөлеген малшылар өткен. Бізге вестерн фильмдері арқылы жақсы таныс «ковбойлар». Олар ранчо иелерінің малын бағатын, табын-табын сиырды алыстағы жайылымдардан темір жол стансаларына айдап апаратын. Олардың дәурені кәдімгідей Батыс мәдениетінде ковбой әндері, поэзиясы, балладалары мен аңыздарын қалыптастырғаны бар.
03 Қазан, 2019
Соңғы кездері біздің әріптестер де, шенеуніктер де бұқараның арасында әлеуметтік масылдық кең тарай бастағанын жиі айтатын болып жүрміз. Дүрмекке ереміз бе, ойланбай сөйлейміз бе, әйтеуір шенеуніктердің аузынан шыққан пікірді Құран сөзіндей жаттап, кейде қайталап кететініміз бар. Атқамінерлердің халық үшін жасаған һәм қазір істеп жүрген қызметіндегі олқылықты жуып-шаю үшін кейде «масыл болмаңдар» дей салатынын білсек керек еді. Жоқ, «биіктегілер» айтты деп масс-медиа қызметкерлері де масылдық жайлы «жырлап» шыға келеміз. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінгені жөн» деп еді. Әзірге мұқтаждық туралы сөз етуімізден, «масылдықтан арылу керек» деуіміз басым болып тұр.
18 Қыркүйек, 2019
Игеру мен игілігін көрудің айырмасы
Ел ішінде «баяғыда Абылай хан Ер Жәнібек, Райымбек тәрізді батырларына «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды» деп Ертіс пен Іленің бастауына қарай қоныстануды тапсырыпты-мыс» дейтін әңгіме бар. Кәсіби тарихшылар ештеңе демегенімен, бұл аңыз бұқараның арман-аңсарын, империя болып жүрген кезге деген сағынышын, жерге иелік етіп, қоныстанудың маңызын сездіреді. Қысқасы, жердің иесіз болмайтынын тұспалдайды. Бізді ежелгі жұрттың түкпір-түкпірін қоныс қылу мәселесі қызықтырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде күнгейден теріскейге бағытталған көштің жайы өзекті.
13 Тамыз, 2019
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Африкадан келген азаматқа тұрмысқа шыққан отандасымыздың қадамын талқыға салып, сан-саққа жүгіртіп жатқандар көбейіп кетті. Көбі намыстанатын сыңай танытып жатыр. Бойжеткеннің таңдауын өзінің жеке ісі десіп жатқандар да жетерлік. Әркімнің өз дегені өзіне жөн болып тұрған жайы бар.
29 Шілде, 2019
Қауіпсіздік сертификатынан туған ой
Әңгіме «қауіпсіздік» жайлы ХХІ ғасырдың өзіндік сын қатері бар екенін бұқара жақсы біледі. Соның ішінде ақпараттық тұрғыда да түрлі қатер төнуі мүмкін екенін мойындаймыз. Мемлекет елдің ақпараттық тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып жататыны бар. Бірақ соңғы бірнеше күндегі оқиғалар ақпараттық қауіпсіздігімізге қатысты шаралардың азаматтар мен ел мүддесіне қызмет мақсатында емес, қалың бұқараның не оқып, нені тыңдап жүргенін тұтастай бақылауға бағытталғандай көрінгені бар. Өйткені байланыс операторлары аяқ астынан «қауіпсіздік сертификатын орнатыңдар» деп жар сала бастады. Ал мұнысы «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері тәрізді көрінген. Себебі ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде салғырттық танытқан бұқара емес, мемлекеттік құрылымдар еді.
22 Шілде, 2019
Жақында ғана HBO телеарнасында «Чернобыль» деп аталатын мини сериал аяқталғаны бар. Осыдан 33 жыл бұрын әлем жұртын алаңдатқан ядролық апат жайлы туынды еді. Рас, көрмегендер үшін сериалдың мазмұнын айтқанымыз спойлер болатын шығар, бірақ сол туындыда екі кейіпкердің өзара диалогы бар. Екеуі де өмірде болған тұлғалар. Біреуі КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Борис Щербина болса, екіншісі академик Валерий Легасов еді. Сериалда осы екі тұлғаның сот үзілісі кезіндегі бір-екі ауыз сұхбаты беріледі. Сол диалогта академик В.Легасов апат салдарын жоюға қатысатын өзге де ғалымдар табылатынын, бірақ бұл жұмысты ұйымдастыруда Б.Щербинаның беделі мен рөлі зор болғанын айтатыны бар. Сөз соңында «менің үнімді естіді, бірақ сені тыңдады» дейді. Түсіне білгенге адам үнін есту мен сол үн арқылы жеткен тілекке, кеңеске құлақ түру, тыңдау әрі оны жүзеге асыру екі бөлек дүние.
19 Маусым, 2019
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде көліктеріне «Вежливые люди» деген жазуы бар қағаз жапсырып алатын азаматтардың суреттері жиі шыға бастады. Көбі көліктерінің терезесіне жапсыратыны байқалады. Әрине, «әркімнің жеке меншік мүлкі ғой, өзі біледі емес пе?» деп уәж айтқыңыз келетін шығар. Бірақ «сыпайы адамдар-вежливые люди» деген атаудың қайдан шыққанына назар аударып көрдіңіз бе? Бұл жазу ел азаматтарының қандай ниетте жүргенін көрсететін белгі екенін білесіз бе?
22 Мамыр, 2019
Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis
Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózimizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qazaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, arman-ańsarymyz, muratymyz bar ekenin bilemiz.
18 Наурыз, 2019