Пікірлер .
Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көкшенің кеудесінде тұрып қазақ даласының ұлы тауларын жіпке тізіп шығатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жердің қасиет-киесін бір ауыз сөзбен түгендегендей сол ғибратты жолдарды тағы бір көкейде тоқып, көңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түскендей.
05 Мамыр, 2017
«Қазағымның көп тарихы Көкшеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұрынғы бір өлеңімізде осылай деппіз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қатпарланған қасиетті жерлерінің қатарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?
25 Сәуір, 2017
Қазақта: «Мал құлағы саңырау» дейтін ежелден келе жатқан бір қанатты сөз бар. Жантүршігерлік сұмдық сойқандар, қаражүрек қиянаттар болғанда, соны естігенде, көргенде шарасыздықтан, сондай бір азғындық істі жеккөру мен жиіркеніштен айтылған сөз.
11 Сәуір, 2017
Біздің қазақ «кіндік» деген сөзге ежелден кең мағына, үлкен мазмұн бергендігі байқалады. Сөйтіп, бірте-бірте, бірден-бірге кіндік қасиетті ұғымға айналып, қала берді, философиялық категория жүгін арқалау деңгейіне жеткен.
04 Сәуір, 2017
Қазақтың Наурызы. Ықылым замандардан бергі кіндігімізбен байланған, болмысымызға айналған, жан дүниемізде байырқалап жайланған Жыл басы. Осы асылымыздан алпыс екі жыл бойы көз жазып қалып, одан Тәуелсіздігіміздің алдында Тәңірі жарылқап қайта қауышып, арқа-жарқа қуанышпен дүбірлеп, күмбірлеп көзайым болған керемет күндер де дәл бүгінгідей есімізде.
18 Наурыз, 2017
Жастық шағында «Егер кенет байып кетсең не істер едің?» деген сұраққа Алексей Пешков, кейінгі даңқты жазушы Максим Горький «Кө-өп қылып кітап сатып алар едім» деп жауап берген екен, дейді. Ал бүгінде біздің марқасқа қаламгер Мархабат Байғұт ағамыз байлыққа бөгіп, бағлан жеген замандастарымыздың өздерінде жоқ кітапты сатып алмақ түгілі, бар кітапты қоятын жер таппай, отқа өртеп, суға ағызған сорлылығын күйінішті зар қылып шертеді. «Қош бол, кітап…» деп ел газеті «Егеменде» жан дүниесінің запыранын төге шырқырайды.
10 Наурыз, 2017
Салауаты – өліге, сауабы – тіріге
Газетіміздің өткен жылғы 11 қарашадағы санында «Жаназа асы жиналысқа айналмаса етті» деген тақырыппен жарияланған авторлық бағанымызға қалың оқырман тарапынан біршама қызығушылық болғанын байқадық. Әрине, адамның адамшылығы, ар-иманы, мұсылмандық парыз бен ата жолына адалдығы сынға түсер осындай өзекті мәселеде көпшіліктің бейжай қалмай, белсеніп шығуы құптарлық. Мұны «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін қазақтың өткен аруақтарға бата оқыр, жаназа, ас беру сықылды өлік жөнелтудің рәсім-жоралғыларына деген риясыз құрметі деп түсінсек керек-ті.
13 Қаңтар, 2017