Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Сыр өңіріндегі тарихи қатпары қалың қалаларға өткен ғасырда жасалған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы материалдары қазір Ресей мұрағаттарында жатыр. Осыған байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде болды.
Ғылым • 30 Қараша, 2023
Ғылымды дамыту мақсатында Үкімет алдына нақты міндеттер қойған. Соның ішінде «Жас ғалым» жобасы аясында ізденушілердің, постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Дәл осындай гранттық жобаға ие болғандардың бірі – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің постдокторанты, PhD Ләйлім Сабытайқызы.
Технология • 30 Қараша, 2023
Елордада «Amanat tech» республикалық жобасы аясында нашақорлықпен күресудің тың тәсілі ұсынылды. IT мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жолын ұсынған іс-шараға 16-35 жас аралығындағы 80-нен астам азамат қатысты. Игі іске «Жастар рухы» жастар қанаты халықаралық «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркімен бірлесе ұйытқы болған.
Қаржы • 29 Қараша, 2023
2023 жылғы қыркүйектің аяғындағы есеп бойынша отандық екінші деңгейлі банктердің реттеушілік меншік капиталы 6,9 трлн теңгеге жетіпті. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Сарапшылар тап осы критерийдің талапқа сай болғаны өте маңызды, өйткені меншік капиталы банктердің және бүкіл қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады дейді.
Аймақтар • 29 Қараша, 2023
Петропавл мен қала маңындағы Пестрое көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қыс-2023» республикалық команда-штабтық жаттығулары өтті. Жаттығулар азаматтық қорғаныстың қыс айларында болуы мүмкін түрлі төтенше жағдайды жоюға дайындығын пысықтауға арналған.