Айбын • 12 Қараша, 2023
Қарулы күштер жылды қорытындылады
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен өткен кеңейтілген алқа отырысында ел Қарулы күштерінің биылғы қызметі қорытындыланды.
Тағзым • 12 Қараша, 2023
Мен Аманкелді ағамен 1970 жылы таныстым. Ол Омбы педагогика институты көркемсурет факультетінің 5-курсында оқитын. Қаңтар айы. Шахматтан факультет аралық жарыс өтіп жатқан. Мен 1-курста оқимын. Аманкелді ағаға қарсы ойнадым. Үш жыл әскери борышын өтеп, оқуды бітіріп жатқан ағамыз үлкен кісідей көрінетін. Кейін араласып, бір-бірімізбен танысып кеттік. Омбының Шарбақкөлінен екенімізді соңынан білдік. Оқуды бітірген соң Аманкелді аға білім алған ордасында оқытушы, көп жыл факультет деканы қызметін атқарып, профессор дәрежесіне жетті.
Тарих • 12 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Еліміздің батыс қақпасы атанып, ұлан-байтақ өңірдің шежіресін құнттап сақтап отырған мекеменің ғасырлық жолына көз салсақ, тиянақты еңбек, жанкешті жұмысты көреміз.
Руханият • 12 Қараша, 2023
Оң-солымды танып қалған бала күнім. Бірде әжеме еріп, ауылдағы тойға бардым. Жадыраған жаз. Үлкендерге деп үй ауласына алты қанат ақ боз үй тігіпті. Әжем екеуміз сол үйге кірдік. Төрде тізіліп отырған қариялар ел ішіндегі өткен-кеткен оқиғаларды айтып, әңгімені қыздыра түсті. Сол қызу әңгімемен ет желінді, шай ішілді. Ақсақалдар қызылкүрең қою шайға қанып алғаннан кейін күлдіргі әңгіме айтып, бір-бірін қажай бастады.
Әдебиет • 12 Қараша, 2023
«Жастық дәурен, жалтақтап қарайлайсың»
Мәтіні мен әуені келіскен әдемі ән адам жанының емшісіндей көрінетіні бар. Әсіресе лирикалық сипаттағы баяу шығарма қай кезде де кісі баласын бейжай қалдырмайды. Әлденеден жаның жабыққанда, ішкі әлеміңді алай-түлей бір арпалыс күй аласапыранға салғанда мәнді музыкадан көңіл күй ауанын басқа арнаға бұратын, жаныңды тыныштандыратын бөлек әлем іздейсің. Әйтеуір, сол арқылы тұңғиықтан шығуға талпыныс жасап бағасың. Өнердің құдіреті деген де осы шығар...