Шаруашылық • 12 Қараша, 2023
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының экологияға қатысты тапсырмаларының орындалу жайын және балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы жөнінде кеңінен мәлімет берді.
Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2023
Жәнібектің ендігі қарсыласы кім?
Қазан айының бел ортасында АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта ұрып жығып, орта салмақта WBO мен IBF секілді екі бірдей белді нұсқаның чемпиондық белбеуін иеленген Жәнібек Әлімханұлы «Top Rank Boxing» промоутерлік компаниясының басшыларына алдағы уақытта Эрисланди Лара немесе Карлос Адаместің бірімен жекпе-жек ұйымдастыру жайында өтініш білдірді. Ал сол боксшылар жайында біз не білеміз?
Мәселе • 10 Қараша, 2023
Асханадағы дау: Тексеру жұмыстары басталды
Мектеп асханасынан шыққан дау бітер емес. Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының бірінде оқушыларға мерзімі өтіп кеткен иогурт берілгені туралы ақпарат тараған еді. Енді, міне, Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия асханасындағы тамақтан 44 оқушы, 2 ұстаз уланды деген ақпарат желдей есіп тұр.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режім келісімі күшіне енеді. Біраз уақыт қоғамда қызу талқыға түскен құжаттың тиімділігі қандай? Осы маңызды мәселеге көз жүгіртіп көрген едік.
Құқық • 10 Қараша, 2023
Облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінде Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасовтың тәртібі қаралды. 18 қазан күні түнгі сағат 23:00-ден кейін өзіне ішімдік сатудан бас тартқан дүкеншіні балағаттап, қоқан-лоқы көрсетуге дейін барған әкімнің әдепсіз қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.