Инвестиция • 01 Қараша, 2023
Үкімет инвесторларға жауапкершілікті күшейтеді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа қатысты жағдай қаралды. Отырыста елдегі азаматтардың шамадан тыс несие алуын төмендету жөніндегі шараларды күшейту мәселелесі де талқыланды. Сондай-ақ туризмді дамыту тақырыбы да күн тәртібіне шықты.
Энергетика • 01 Қараша, 2023
Энергетика нарығындағы басым бағыт
Тау-кен өнеркәсібінің ең маңызды салаларының бірі уран өндірісі қарқынды дамып келеді. Кен орындарында жыл сайын 20 мың тоннадан астам уран өндіріледі. Бұл – дүние жүзіндегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Инфрақұрылымды жаңғырту – жаңа экономикалық үлгіге көшу жолы
Халық саны жыл сайын қарқынды түрде өсіп келе жатқан Түркістан облысында тиісінше инфрақұрылым нысандарына деген қажеттілік артып жатыр. Бұл орайда облыс әкімдігі барлық мүмкіндікті пайдаланып, тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге басымдық беріп келеді. Алайда өңір халық сұранысын жақын арада және толық қанағаттандыру үшін қаржылай қолдауды қажет етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететінін, индустрияландыру қарқынын да тежейтінін айтты. Осы орайда облыста шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселе бар.
Экономика • 01 Қараша, 2023
Жаңа бюджет саясаты бұлыңғырлықтан біржола арылтуы керек
Еліміз мемлекеттік қаржы саясатын жетілдіруге ден қойды. Жаңа Бюджет кодексі Парламенттің қоржынында жатыр. Ол – қоғам үшін өзекті. Күні бүгінге дейінгі қолданыста болған нұсқасында қамтылмаған мәселе көп еді. Осы олқылықтың орнын жаңа кодексте толтыру Парламенттің біліктілігіне сын болайын деп тұр.
Ғалым • 31 Қазан, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігінің осы академиялық жыл басында таратқан ақпаратына сүйенсек, елімізде 22 мыңнан аса ғылыми қызметкер бар. Соның 46 пайызы – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Елімізде ғылымға жастарды тарту мақсатында «Жас ғалым» жобасы іске қосылған. Аталған жоба бойынша жас зерттеушілерге жыл сайын 1000 грант бөлінеді. Грант иеленгендердің бірі – «Болашақ» стипендиаты, «Теориялық физика» бойынша PhD Ұлсерік Молданазар.