Жәдігер • 01 Қараша, 2023
Сәкен Сейфуллин: бұрын жарияланбаған видео
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, атап айтқанда PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқал Мәскеудегі мемлекеттік архивтен бірнеше құнды бейнежазылым тапты. Олардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің бұрын жарияланбаған видеосы да бар.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Жақында Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында республикалық «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты фестиваль өтті.
Мәдениет • 01 Қараша, 2023
Театр өнерінің ішінде бізге атауы ертеден-ақ таныс болғанымен елімізде бұған дейін қолға алынбаған сала бар, ол – көше театры. Аты айтып тұрғандай мұнда қойылымдар далада, ауқымды кеңістіктерде, мереке-жиындарда көрсетіледі. Тарихы тереңде жатқан көше театрларының бастауы сонау б.д.д. Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне арналған салтанатты мереке, сондай-ақ Шығыс елдерінің ұлттық дәстүрлерінен туындаған ең алғашқы қойылымдары еді. Сол сияқты Қайта өрлеу дәуіріндегі карнавалдық мерекеден дамып, өзінің ерекше формасымен танылған италиялық комедия дель арте театры көше театрына жатады. Өткен ғасырлардағы қазақ топырағында орын алған көші-қон кезіндегі салттарда да, сал-серілердің өнерінде де көше театрларының элементтері мол. Жалпы, қалыптасу тарихының алғашқы күндерінен-ақ әрбір ұлттың кәсіби театрының дүниеге келуіне ықпал еткен театрдың бұл түрі қазіргі уақытта өнердің бір саласы ретінде кеңінен дамыған. Бүгінде көптеген елде көше театрлары фестивалін өткізудің қолға алынуы да сондықтан. Яғни променад, флешмоб, хэппенинг, site-specific, энвайронмент, боди-арт сияқты түрлі жанрлар мен бағыттарды бойына жиған бұл өнерде көшелерде, зауыт-фабрикаларда, базарлар мен белгілі бір кеңістіктерде өнер көрсету арқылы халықтың өнерге деген қызығушылығын тудырып, сол халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік мол.
Тұлға • 01 Қараша, 2023
Саналы ғұмырын қазақ фотожурналистикасының өрістеуіне арнаған Сайлау Пернебаевтың есімі өз замандастарының бүтін бір шежіресін жасаған айтулы шебер ретінде аталатыны анық. Қас-қағым сәтті мәңгілік тарихқа айналдырған майталман маманның өмірге келгеніне биыл 85 жыл толып отыр. Жуырда фотогердің «Ақ пен қара» деп аталған сирек суреттер мен ол жайында жазылған естеліктер топтастырылған жинағы жарық көрді. Әке мұрасын жұртшылыққа жеткізіп, жинақтың шығуына мұрындық болған ұлы Ербол Сайлауұлын және аталмыш еңбекті құрастырған шәкірті, белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлын әңгімеге тартқан едік.
Әдебиет • 01 Қараша, 2023
Адам жанына тереңірек үңілген сайын түпкі сезімдері мен бейсана әрекеттері ашыла бастайды. Түпсана деуге келетін шығар бұларды. Тіпті кейбірі оқыс, төтен, шетіндеу көрініп жатады. Қуанғанда, қайғырғанда бір-біріне ұқсағанымен, кісі баласы қатты күйзеліп, жаны мұрнының ұшына келгенде, ашыққанда, ашуланғанда әртүрлі мінездер шығаратынын әдеби шығармалардан көптеп кездестіруге болады.