Поэзия • 01 Қараша, 2023
Қазақтың ардақты ақыны Жарасқан Әбдірашевтің екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туған ұрпақтың ұранына айналған «Соғыстан соң туғандар» атты ғажап өлеңі бар. Кейін осы өлеңнің атауымен ақынның бір кітабы да жарық көрді. Сол өлеңде:
Сұхбат • 01 Қараша, 2023
Серік ӨМІРБЕКОВ: Алдамшы өмірде адасып кету оңай
Қазіргі жастар Серік Өмірбековті білмеуі де мүмкін. Бірақ аға буын өкілдері осы шомбал жігіт өткен ғасырдың 80-90-жылдары шаршы алаңды шайқағанын әлі де ұмыта қойған жоқ. Ауыр және аса ауыр салмақта жұдырықтасқан қазақтың өр мінезді ұлы өзінен әлдеқайда ірі қарсыластарын кескен теректей сұлатып салғанына біз де сан мәрте куә болдық. Таяуда бокстан КСРО чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Өмірбековпен жолығып, тартымды бір әңгіменің тиегін ағытқан едік.
Жоба • 01 Қараша, 2023
Инвестициялық жобалар пысықталды
Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойма салынбақ. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылатын қоймада жалпы 4 мың тонна көкөніс, оның ішінде 2 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 250 тонна сәбіз сақталады. Сонымен бірге қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады, 35 адам жұмыспен қамтылады. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады.
Аймақтар • 01 Қараша, 2023
Жолдың кеңейгені – мүмкіндік көбейгені
Жуырда бір азамат еліміздің батысынан шығып, Алматыға дейінгі сапарында жол сапасын түсіріп, оны әлеуметтік желіге салыпты. Сонда байқағанымыз, батыс өңірлерге қарағанда біздің аймақтағы жол жағдайы біршама тәуір екен. Қызылорда облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі осы шағын бейнеүзіктен анық байқалады.
Сараптама • 01 Қараша, 2023
Отандық ғылым: деңгей мен әлеует
«Талдау қызметі сапалы жүргізілсе, мемлекеттік басқарудың тиімділігі арта түсері сөзсіз. Мемлекетке кешенді түрде жүргізілген зерттеулер мен ұсынымдар өте қажет. Бұл маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, елдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында айтқан бұл сөзі мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы талдамалық зерттеулердің маңыздылығы мен өзектілігін нақтылай түсті. Бұл әсіресе ғылыми салаға қатысты болмақ.