Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Орал қаласында 500 орындық Студенттер үйі пайдалануға берілді. 9 қабатты ғимаратты өз қаржысына көтерген Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз етті.
Олимпиада • 31 Қазан, 2023
Олимпиада жеңімпаздарына құрмет
Жыл басынан бері 23 озат оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында IMO, IphO, IChO, IBO, IGеO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев олимпиада жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Абай облысының мұғалімдері «Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік ойынында жеңімпаз атанап, 1 миллион теңгені қанжығаға байлады.
Ұстаз • 31 Қазан, 2023
Қарағандыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы білім ошағы бар. Мектеп ұжымы ұлт ұстазының есімін білім ошағына беру мәселесін көп жыл бұрын көтергенімен, сәті кейінде ғана түсті. Осы игілікті шараға ұстаз Сәбира Күлпейісованың қосқан үлесі зор.
Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Тазалық табалдырықтан басталады
Табиғатты таза ұстау – адамзатқа парыз. Осы қағиданы берік ұстанған жетісулықтар жаппай көшеге шығып «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» аясында экологиялық сенбілік өткізді. Бұл игілікті іс-шарада 2 мың тонна қоқыс шығарылып, 6 500 жас көшет отырғызылды.