Қоғам • 03 Қазан, 2023
Көлікті ерікті сақтандыру арта түсті
Еліміздегі жеңіл автокөлік саны 4,4 млн-ға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 11,4 пайызға немесе 444,6 мыңға артық. Соның арқасында автокөлікті сақтандыру нарығы да айтарлықтай өскен: 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында автокөлікті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 63,9 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 2,4 есе көп.
Қаржы • 03 Қазан, 2023
Зейнетақы жүйесін реттеудің амал-тәсілдері
Жуырда ғана Алматыда өткен «Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі» атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелге шетелдік және отандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-шара еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығы шеңберінде өтсе де, мерекелік емес, сараптамалық сипатқа басымдық берілді.
Жемқорлық • 03 Қазан, 2023
Кісі өлімінен «бизнес» жасамайық
Жуырда белгілі қаламгер Қорғанбек Аманжол әлеуметтік желіде дүниеден озған адамның мәйітіне «тиіспеу үшін» жұрт патологиялық-анатомиялық бюро (ПАБ) бөлімшесінің яғни мәйітхана қызметкерлері жақынынан айырылған кісіден ақша дәметкені туралы ашына жазды.
Үкімет • 03 Қазан, 2023
«Келешек» – білім инвестициясы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды.
Әдебиет • 03 Қазан, 2023
Туған әдебиетіміздің көркемдік көкжиегін кеңейткен, ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып, тақырыптық ауқымын жаңа өрістерге алып шыққан көркемсөз өнерінің айтулы тұлғасы Кемел Тоқаевтың ғасырлық мерейтойына орай Алматыдағы Достық үйінде өткен «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ел көлемінде ұйымдастырылған игілікті шаралардың шырқау тұсы болды.