Сұхбат • 04 Қазан, 2023
Батыс Қазақстан облысының қиыр шетінде, Орал қаласынан 550 шақырымда орналасқан тарихи нысан – Хан ордасы ауылы деп аталады. Бұл – Кіші жүзде билік құрған Нұралы ханның ұлы Бөкей ханның Еділ мен Жайық арасында шаңырақ көтерген, кейін оның ұлы Жәңгір хан дәуірлеткен Ішкі қазақ ордасының астанасы болған киелі мекен. Күллі қазақ даласында сән-салтанатын жоймай сақталған жалғыз хан ордасы да осы жер. Бүгінде «Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық мұражай-қорығы» аталып, бүкіл бір өлкенің жылнамасын жиып отырған үлкен мекеменің басшысы, «Өнер саласының үздігі» Ғайса Мақымовқа жолыққан едік.
Дін • 04 Қазан, 2023
Қасиетті Құран да, зайырлық пен зиялылықты тең ұстайтын ғылым да әр нәрсенің шегі барын айтады. Кейінгі уақытта елімізде, әсіресе әлеуметтік желіде Исламға байланысты түрлі алыпқашпа әңгіме, қиямет пен ақыретке, өлгеннен кейінгі қайта «тірілуге», жұмақ пен тозаққа байланысты жалған уағыздар пікірлілер сабырының шегіне жеткенін көрсеткендей. Ақиқат нәрсе: Құран өз мәнінде сауатты насихатталса, әділдікті сүйетін жұрт бөтен әңгіме таратпайды. Алладан қорқып тыныш жүреді.
Тарих • 04 Қазан, 2023
Мына ұсынылып отырған сурет көзіқарақты қауымға жақсы таныс деп ойлаймыз. 1918 жылы сәуір айында Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсековтердің Шәуешек қаласындағы сапары кезінде түсірілген. Бұл бейнені тарихқа таңбалаған – әуесқой фотограф Мұхаметжан Юсупов.
Кітапхана • 04 Қазан, 2023
Әлқиса, күллі әлемнің тағдыры шешілетін осы алпауыт шаһарға келгелі айналамызға таңырқаумен жүрміз. Тып-тыныш қала, әрі-бері тынымсыз ағылған көліктер, ағы бар, қарасы бар сан түрлі тұрғындар бәрі-бәрі біз үшін өзгеше. Әсіресе адамдардың жүзіндегі жылылық бірден сезіледі. Біз мұнда «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемге әйгілі Джордж Вашингтон университетіне білім алуға келдік. Сонау 1821 жылы іргетасы қаланған бұл оқу ордасы бүгінде айдай әлемге аты танылып үлгерген алып университет. Бір апталық сабақтан кейін отбасымызбен қаланы аралауға шықтық. Әрине, ең алдымен атақты Конгресс кітапханасын бетке алдық.
Спорт • 04 Қазан, 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарын Қазақстанның дзюдошылары бес жүлдемен қорытындылады. Тарқатып айтсақ, 1 күміс пен 4 қолаға қол жеткізіп, жалпы есепте 10-орынды қанағат тұттық. Соңғы күні аралас командалық сайыстар өтті. Өкінішке қарай, байрақты бәсекеде жерлестеріміз үздіктер санатына қосыла алмады.