Форум • 05 Қазан, 2023
Діндер көшбасшылары съезі хатшылығының құрылғанына − 20 жыл
20 жыл бұрын, 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі өтті.
Аймақтар • 05 Қазан, 2023
Жаңа облыстың жолы қалай жаңарады?
Қай өңірді алсақ та, оның өсіп, өркендеуі, дамуы жол жағдайына байланысты. Бұл, әсіресе, Ұлытау облысында өте өткір сезіледі. Облыс орталығы бұрынғы «тұйық қала» атағынан арыла қойған жоқ. Жезқазған – Бейнеу теміржолы пайдалануға берілгелі сәл де болса, саңылау ашылғандай болғаны рас. Бірақ автокөлік жолдарының түйіні тарқатылды деп айтуға болмайды.
Парламент • 05 Қазан, 2023
Ықпалды Парламент – азаматтық қоғам негізі
Мемлекет басшысының бастамасымен былтырғы 5 маусымда өткізілген бүкілхалықтық референдумда Парламенттің, әсіресе оның төменгі Палатасы саналатын Мәжілістің ықпалын арттыруға бағытталған бірқатар түбегейлі шара қабылданды.
Экономика • 05 Қазан, 2023
Осы жылдың көктемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізіміндегі бірқатар өнімдердің бағасы төмендей бастады: қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қант және тауық еті арзандады. Бұл үрдіс жалғасын тауып, маусымның соңында 1,5 жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде төмендеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ӘМАТ бағасының индексі 4,2%-ды құрады және бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 4 есе төмен болды (17,2%).
Ұстаз • 05 Қазан, 2023
5 қазан – мұғалім күні: Төр – мұғалімдікі
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі». Марғасқа ақын Мағжан Жұмабайдың аталы сөзін кейінгі кезде жиі айтатын болдық. Тереңіне бойлай білгенге бұл – салмақты сөз ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар, жөн сілтеу, тіпті аманат. Азатпыз деп еңсе тіктеген кезеңде кемі бір ғасыр бұрын айтылған аманаттың үдесінен шыға алып жүрміз бе?