Сұхбат • 26 Қыркүйек, 2023
Сайлау Батырша-Ұлы: Егемендік азаттығымызды айқындады
Мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданған күн еліміздің тағдырында Тәуелсіздігіміздің бастауы болған тарихи күн ретінде қалғаны анық. Сол тарихты көзімен көргендер бүл күнді «тарихымыздың жаңа парағын ашқан бетбұрыс» деп бағалайды. Рас, қазіргі күні кейбір адамдардан еліміздің КСРО құрамынан ең соңғы болып шығуына байланысты «Біз тәуелсіздікті алған жоқпыз, тәуелсіздік өзі есігімізді теуіп кірді» деген сөздерді естіп қаламыз. Шын мәнінде «бостандық» пен «бодандық» таразы басында тең түсіп тұрған сол алмағайып кезеңде тәуелсіздік үшін қан төгіліп, соғыс болмаса да, саясат майданында қандай қиян-кескі текетірестер жүргенін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. 1990-1993 жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Сайлау Батырша-Ұлы «Egemen Qazaqstan» газетімізге берген сұхбатында Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған уақыттан тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңде елімізде қандай саяси өзгерістер мен оқиғалар болғаны туралы айтып берді.
Сараптама • 26 Қыркүйек, 2023
Құрғақшылық қаупі төніп тұр ма?
Жуырда Астанада «Ауыл» ХДПП бастамасымен «Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету – ауыл тұрғындарының табысын арттыру негізі» атты республикалық кеңес өтті. Бұл кеңесте өткір де өміршең мәселеге айналып бара жатқан су жайы қызу талқыланды.
Тарих • 26 Қыркүйек, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Егемендік алдымен тілге берілсін»
Осыдан 33 жыл бұрын еліміздің азаттығы туралы әңгіме айтылып жатқанда «Социалистік Қазақстан» газеті тәуелсіздік декларациясына қатысты көптеген мақала жариялады. Сондай үнқосудың бірі «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 3 қазандағы нөмірінде жарық көрді.
Күрес • 26 Қыркүйек, 2023
Күрес түрлерінен Сербияда өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Қарт құрлыққа сапар шеккен тоғыз жерлесіміздің бірде-біреуінің жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетпеді. Өзге елдің өрендері түрлі-түсті медальдың сан түрін олжалап жатқан кезде, біздің балуандар жанарларымен жер шұқып тұрды.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында алда атқарылар жұмыстар мен болашақтың бағыт-бағдары айқындалды. Жолдаудың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталуының өзі көп жайтты аңғартып отырғандығын халық толық түсініп, қолдау білдіреді.