Форум • 25 Қыркүйек, 2023
«Kazakhstan Growth Forum-2023»: Халықаралық бизнестегі сенім мен тәуекел
Таяуда Алматыда өткен «Kazakhstan Growth Forum-2023» басқосуында бизнес үшін заманауи сын-қатерлер мен еліміздің суырылып алға шығуына кедергі болып отырған факторлар кеңінен талқыланды. Жиналғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы ойларын ортаға салды. Былтырғыдай емес, бұл жолғы Жолдаудың саясатқа емес, негізінен экономикаға бағытталғанын ел бағамдап үлгеріпті. Жолдау барысында көп көңілінен шыққан бағыттардың бірі – әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп, назар аударылды. Бұл міндет өз қауіпсіздігімізді қорғауымыз үшін қажет. Тап осы бағытта біздің басқа елдерге тәуелді екеніміз, нақ осы фактор егемендігімізге үнемі сырттан қауіп төндіретіні жиі айтылып жүр. Саммит барысында қорғаныс саласына басымдық беру мыңдаған шағын кәсіп көзін ашуға мүмкіндік беретіні де айтылды.
Тұлға • 25 Қыркүйек, 2023
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері еліміз елеулі де маңызды әлеуметтік өзгерістерді бастан өткізіп келеді. Қоғам алдында бір жағынан тәуелсіздіктің салмағы басым болса, екінші жағынан жетпіс жылдай тұрақтап қалған әлеуметтік қатынастар мен байланыстар, ұстанымдар қайта жаңғыртуды қажет етті. Қазақстанда әлеуметтану ғылым және оқу пәні, мамандық ретінде қалыптасуы ресми түрде 1988 жылдан бастау алып, қазір әлеуметтік ғылымдар арасында, қоғамдық үдерістерді реттеуде нақты мәртебеге ие. Елдегі әлеуметтану ғылымын қалыптастырып-дамытуға әлеуметтік ғылымдар докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының құрметті ардагері, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті Кеңес Биекенов айрықша еңбек сіңірді.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2023
Зерендінің зерегі, құйылып тұрар өлеңі
Қорғанбек Аманжол – алдымен ақын. Ол, көркем мінезді ұстазымыз Зейнолла Қабдолов айтпақшы, поэзия бақшасында сөз өнерін ардың ісі, «Өлең – өмір, өмір – өлең» деп білген жан. «Қос бөлмелі қоржын там, қарағайдан қиылған, Төбесі бар жатаған, Тағдырымдай бұйырған» деп өлеңінде өрнектегендей, сол қоржын тамнан от алып, Отанына танылған Қорғанбек туындылары бүлкілсіз бүтін дүниелер десек, асырып айтқандық емес.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
– Қытайдың Ханчжоуында басталған XIX Aзия ойындары ғажап көріністермен көз алдымызда қалды. Тіпті сәтінде бұл салтанатты сонау 2008 жылы осы елдің астанасы Бейжіңде болған Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанатымен салыстырсақ та болады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш қола медаль түсті. Бұл күні Ханчжоу төріне көтерілетін спортшылардың арасында алтынға лайықты басты фавориттер болмағанымен, медаль алады-ау деген спортшыларымызға жанкүйер болдық.