Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Сембай Жәнібеков 1911 жылы дүниеге келген. Туғаннан тағдыр тезіне ілігіп, дүние есігін енді ғана ашқанында анасы өмірден өткен. Әз ана жаны қиналып жатып өмірінің соңғы сағатында жаңа туған Сембайды күйеуі Қазыбектің ағасы Жәнібектің Азықан деген ұлының жас түскен келіншегі Кәменге «сүйегі – менікі, еті – сенікі», құдай алдында сұрауы жоқ, сен бағып өсір деп өз қолымен тапсырып кетеді. Сөйтіп, Сембай ағамыз осы отбасында өсіп, тегін Жәнібеков деп жаздырған.
Жәдігер • 24 Қыркүйек, 2023
Бұдан 20 жыл бұрын қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолға алынған шаруалардың бірі – Шілікті қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары. Географиялық тұрғыдан аумағы 80 шақырымды алып жатқан «Шілікті жазығы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы жерінде орналасқан. Оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігін Маңырақ таулары қоршап жатыр.
Тарих • 24 Қыркүйек, 2023
Бөкей ордасының тарихы еліміз тәуелсіздік алғанға дейін көп зерттеле қоймағаны белгілі. Отандық тарихта Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты зерттеулерде ғана болмаса, өлкеміздің тарихына қатысты деректерді бірлі-жарым ғалымдардың еңбегінен кездестіретінбіз. Кейінгі кезеңде өткенімізден сыр шертетін сан алуан зерттеулер басылып шығып, хан-сұлтандар мен би-батырларымызды біле бастадық. Осындай тұлғалардың бірі – Ішкі Қазақ ордасының негізін қалаған Бөкей хан мен оның ісін жалғаған баласы Жәңгір хан. Жәңгір хан – ресми тарихымызда түрлі бағаланған.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2023
ХІХ Азия ойындары ресми түрде ашылды
Бұрнағы күні Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындарының алауы ресми түрде тұтанды. 45 мемлекеттен келген 12 мыңнан астам спортшы енді 15 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.
Футбол • 24 Қыркүйек, 2023
Ала допқа әуесі ауған футбол жанкүйерлері асыға күткен Еуропадағы клубтық деңгейдегі ең ірі үш турнирдің топтық кезеңдегі ойындары басталды. Жыл сайын Еурокубогтің күзгі маусымында доп тебуді әдетке айналдырған еліміздің командалары бұл жолы білгенінен жаңылған жоқ. Былтыр ел біріншілігінде үздік шыққан елорданың «Астанасы» биыл Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.