Сайлау • 25 Қыркүйек, 2023
Сайлаушы сеніміне селкеу түспесін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға сәйкес осыдан екі жыл бұрын ауыл әкімдерін сайлау енгізілген болса, енді алдымыздағы 5 қарашада алғаш рет қанатқақты режімде аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткізілмекші. Бұл – қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы кезекті де маңызды қадам.
Технология • 25 Қыркүйек, 2023
Роботтехника әлемінің әліппесі
Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «ақылды» темірсіз елестету қиын. Өмір мен темірдің бір-біріне кірігіп кеткені сонша, сәт сайын тіршілікке қолқабыс болып отыр. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника мектептері де көптеп ашылып жатыр. Балдырғандарға технология әлемінің әліппесін үйретіп жүрген мектептердің тыныс-тіршілігін білуге Астанадағы «Роботек» мектебін бетке алдық.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2023
Aitas Agro: Күрделі жыл болса да күтеріміз көп
Жыл жайлы болмай тұр... Дән сепкен диқанға да, мал баққан шопанға да. Ырзық-несібесін дала төсінен бұйыртқан дәл осы бейнеткеш жандар үшін биылғы жыл ауыр да күрделі болатын сыңайлы. Өйткені ала жаздай аспаннан тамшы тамған жоқ. Аптап ыстықтан жер құрғап, егін күйіп, шөп сұйылды... Егінді таптаған ақбөкендердің «еркелігі» бар. Онсыз да шыр-пыры шыққан шаруаны шырылдатқан шегірткелер шеруі ше? Бастаудан су жетпей тартылып жатқан трансшекаралық аймақтардағы өзендер жайы... Саусақ бүгіп санамалай берсең, толып жатыр... Ал күрең күз келгенде, бәрі керісінше. Мөлшерден асып түскен ылғал өзі митыңдап жатқан саланы одан бетер тұралатып тастады. Ол аз десеңіз, әлемде болып жатқан саяси жағдайлардың салқыны да фермерлер үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Сырттан ағылған сапасыз импорт пен еңбегіңе татымайтын төмен баға қазақ диқанының құлшынысын төмендетіп жібергендей...
Басылым • 24 Қыркүйек, 2023
«Орта державалардың» үні естілуге тиіс
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне реформа жасауға шақырып, «орта державалардың» және барлық дамушы елдердің үні естілу қажет екенін атап өтті.
Әлем • 24 Қыркүйек, 2023
Қарабақ: тарихи шешімге қол жеткізілді
Өткен аптада Әзербайжан әскері Таулы Қарабақ өңірінде антитеррорлық операция бастап, екі күнге созылған әскери қимылдың нәтижесінде тарихи шешімге қол жеткізді. Тараптар атысты тоқтату және Армения әскерін аймақтан әкетуге келісті. Осылайша, талай жылдан бері дауға айналып келген мәселеге біржола нүкте қойылды.