Сұхбат • 13 Қыркүйек, 2023
Ислам БАЙРАМУКОВ: Балуандарымыз әлі талай асуды бағындырады
Қазақстанның еркін күрес тарихында Ислам Байрамуковтың алатын орны ерекше. Ол 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиадада күміс медаль олжалап, Азия ойындарында қола жүлде иеленді. Азия чемпионатында бес мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Сол жүлделердің 1-еуі алтын, 3-еуі күміс, 1-еуі қола. Жалпы, Исламды сегіз қырлы, бір сырлы азамат деп айтсақ та жарасады. Қарашай ұлтының өкілі қазақ тілін жетік меңгерген. Сөзге шешен, тілі өткір, ойы жинақы, өресі биік. Мақал-мәтелдеп сөйлегенде, тамсанбай тыңдамау мүмкін емес. Оның осы қасиеттерін біз теледидар арқылы байрақты бәсекелерден тікелей репортаж жүргізу барысында байқадық.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
Саясат пен экономика қашанда қатар дамуға тиіс. Әр салаға өз ісіне берік, жан-жақты қабілетті, дарынды әрі білікті маман жетекшілік етуі керек. Егер белгілі бір кәсіпті басқару өз ісін білмейтін адамға берілсе, көп нәрсе бүлінеді.
Әлем • 13 Қыркүйек, 2023
Тарихи бауырластықтың тағы бір белесі
Елордада Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидамен келіссөз жүргізді. Жиын барысында екі елге қатысты келелі мәселелер талқыланды. Кездесуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз жиыны өтті.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Патологиялық кесел немесе ойынқұмарлық неге күшейді?
Лудомания немесе ойынқұмарлық – әлемде жедел қарқынмен жайылып бара жатқан алапат эпидемия, жас талғамайтын психикалық індет. Бұрын казино, карта ойнау секілді тікелей қарым-қатынас арқылы жүретін құмар ойындар интернеттің және TikTok секілді әлеуметтік желілердің пайда болуымен аясы бұрынғыдан кеңейіп, тартымдылығы артып, виртуалды әлемде де өз құрбандарын көптеп құрығына түсіріп жатыр.
Ауыл • 13 Қыркүйек, 2023
Сұрат ауылының сарабдал тәжірибесі
Халқымыздың 40 пайыздайы тұратын ауыл – ата дәстүріміздің, баба салтымыздың қайнар көзі. Елді азық-түлікпен қамтамасыз ететін де ауыл. Бүгінде урбанизация әсерінен еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауылдық жерлерден қалаға ағылып жататын көпшілікті алда күтіп тұрған проблема жетерлік.