Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Асы бар, асханасы жоқ: Президент тапсырмасын жекеменшік мектеп неге орындамайды?
Ілгеріде бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі жиі көтерілетін. Тіпті әредік ата-аналар да оқу ордаларында бұл мәселенің өткір екенін жиі айтатын. Жұртты толғандырған мәселеге осы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нүкте қойған еді. Ал Президент тапсырмасы өңірде қалай орындалып жатыр? Зерделеп көрдік.
Білім • 13 Қыркүйек, 2023
Жатақхана тапшылығы қашан шешіледі?
Жаңа оқу жылының басталғанына жарты айға жуықтады. Бірақ жатақханаға жарымаған студенттердің қатары азаяр емес. Бүгінде елімізде жоғары оқу орнының 129 мыңнан астам білім алушысы жатақханада тұруға өтініш білдірген. Алайда жатақханалардың өзінде 23 686 орын тапшы.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2023
«Әділетті Қазақстанды» құру қалай жүріп жатыр?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауында «Әділетті Қазақстанды» құру жолында басталған жұмыстың барысын баяндады. Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы халыққа Жолдауында Астананың таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта дамуымен қатар жүретін міндеттерді тізіп көрсетті. Оны тиімді шешу үшін қандай стратегияларды қолдануға болатынын түсіндірді.
Бокс • 13 Қыркүйек, 2023
Туризм және спорт министрлігі санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарында жүлде алған ел спортшылары мен олардың жаттықтырушыларын қолдау мақсатында қаржылай сыйақы берілетінін мәлімдеді.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік басқару: бихевиористік тәсіл
Астана мемлекеттік қызмет жөніндегі хаб (Astana Civil Service Hub) дайындаған зерттеу бихевиористік экономика мен психология тәсілдерін қолдана отырып, адамдардың мінез-құлқының сипатын белгілі бір түрткілер және жаңсақ түсініктерді түзету арқылы өзгертуді көздейтін ғылыми идеяға негізделеді. Бұл бағыт әлемнің көптеген еліндегі мемлекеттік басқару саласында кең енгізіліп жатқандығына қарамастан, посткеңестік, оның ішінде еліміз үшін тың тақырып.