Экология • 13 Қыркүйек, 2023
Суды үнемдеу – басты қажеттілік 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтеді
Шаруаға қажетті ағын су мәселесі – Түркістан облысының мақталы аудандарында өте өзекті. Яғни Жолдауда көтерілген ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелер «ақ алтынды» Мақтаарал ауданы үшін маңызды болып тұр.
Сұхбат • 12 Қыркүйек, 2023
Бағдат МУСИН: Еліміз цифрландырудан Орталық Азияда көш бастап тұр
Цифрлық революция әлемдік экономика мен қоғамның келбетін өзгертіп-ақ келеді. Бұл ретте Орталық Азияның іргелі мемлекеті саналатын Қазақстан осы бір оң өзгерістердің жарқын мысалы бола алады. Өйткені біздің ел өңірдегі цифрлық даму саласының нағыз көшбасшысына айналды. Елімізде цифрлық экономика мен цифрлық қызметтердің дамуын ынталандыру үшін маңызды қадамдар да жасалып жатыр. Осы орайда биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар төңірегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИНМЕН әңгімелескен едік.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2023
G20: Сауда дәлізі және Түркия мүддесі
Үндістанда өтіп жатқан G20 елдерінің саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған «Үлкен жиырмалық» елдерінің жаңа сауда дәлізінің құрылысын салу жоспарын сынға алды.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2023
Қасиетті Түркістанның төрінде өткен Ұлттық құрылтайда елді елең еткізген бір жаңалық жария етілді. Сүйінші хабарды жеткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан-қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды», – деді.
Пікір • 12 Қыркүйек, 2023
Жастарымыз білімді, білікті болса, еліміз дамиды, экономикамыз көтеріледі. Сондықтан қазір жаңа өмірге қадам басқан студенттер мен жас ғалымдарға жағдай жасау, оларды мемлекет тарапынан қолдап, әртүрлі бағдарламаны іске асырудың маңызы зор.