Білім • 22 Тамыз, 2023
Ана тілінен жеріген ата-ана орыс сыныбын көбейтіп отыр
Биыл Астана қаласында 1-сыныпқа баратын оқушылардың 40 пайызы (10 571 бала) орыс сыныбына қабылданған. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардың кемінде 80 пайызы уызға жарып өсуге тиіс болса да, елеулі бөлігінің орыс тілді сыныпты таңдауына не себеп? Ата-ананың елдік жауапкершілігі төмендеп кеткен жоқ па? Қазір қоғамда осы мәселе қызу талқыланып жатыр.
Руханият • 21 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда шетелдегі қазақтармен рухани байланысымызды дамыту басты мәселе екенін, бұл мемлекеттік бақылауда болатынын атап өткен еді. Осы орайда елімізде ғана емес, қиыр шетте де қаншама игі іс атқарып жүрген «Отандастар қоры» Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайын өткізіп қайтты.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2023
Жыршылық өнердің мәртебесі қандай?
«Көмекей әулие» деген сөз бар. Бұл Бұқар жырауға қатысты айтылған. Көмейі бүлкілдеп сөйлегенде аузынан алтын төгілгендей, айтқаны келіп отырады екен. Сонымен қатар Қазақ даласында көмейін бүлкілдетіп қойып таңды таңға ұрып жыр айтатындар бар. Оны тұма бастауынан тартсаңыз, томдарға жүк.
Тарих • 21 Тамыз, 2023
Азапты тағдырдың уын жұтып, сағыныштың запыранынан сарғайып, қорлықтың салмағынан көз жұмған Ақсұлу Орысбайқызының өмір жолынан қалың оқырман әлі де бейхабар. Қамшының сабындай қысқа ғұмырының ішінде ақын қыз соңына көп мұра қалдырған. Соның ішінде хатқа түскен туындылары бір төбе болса, айтыс өлеңдері бір төбе.
Технология • 21 Тамыз, 2023
Жасанды интеллект және қауіпсіздік
«Бүгінде әлем ден қойып жатқан жасанды интеллект негізін барлық салада қолдануға болмайды», дейді ғалымдар. Алайда жасанды зердені әр сала, мамандық тәжірибеден өткізіп жатыр. Бұл тәжірибе игілікке айнала ма, әлде қиындық тудыра ма? Зерттеушілердің бірі оның маңызы зор екенін айтып қызықтырса, енді бірі зиянын мысал етіп, сақтандыруға тырысады. Әсіресе жасанды интеллект өршіп бара жатқан қақтығыстарды ушықтырып жіберуі мүмкін.