Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Сол кездесуде айтылған әсерлі де ауыр, мұңды да мағыналы, өміршең де өнегелі әңгімелер әлі күнге дейін ойымнан кетер емес. Көктемнің алғашқы хабаршысындай, тоңы жібіп үлгермеген қара жерді жарып шығатын бәйшешек гүлін қызықтаған, көктемі ерте шығатын біздің өлкенің бойжеткендерін көріп те сол кездесу еске түскен-ді. Тағдыры талайлы жас жазушы туындысын неге «Бәйшешек» деп атады деген сұрақ та маза бермеген.
Музей • 07 Наурыз, 2023
Қазақ поэзиясында өршіл, өміршең өлеңімен Алаш жұртын баураған Төлеген Айбергеновтің шығармашылығы қазір исі қазаққа таныс. Айбергенов десе, көптің жадында айдарынан жел ескен сұрапыл, сұңғыла ақынның бейнесі жаңғырады...
Қысқы спорт • 07 Наурыз, 2023
Бұл күндері Щучинскіде биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы екі күнінен кейін Германия спортшылары алда келеді.
Ауыл • 06 Наурыз, 2023
Ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы сөз болғанда жол жөндеу, су тарту, газ өткізу сияқты маңызды шаруалардың қатарында жайылым мәселесі де тұруы шарт. Өрістегі мал мен ауыл тұрғындарының жағдайын бөліп-жарып қарауға болмайды. Өйткені ауылдағы ағайынның негізгі күнкөріс көзі – жайылым.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2023
Шекарадағы ауданның шаңырағы қашан көтеріледі?
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан кейін Шығыс Қазақстан облысынан Абай облысы енші алып, жеке аймақ болып құрылды. Жаңа облыстың құрылу жоспарына сәйкес, бұған дейінгі Тарбағатай ауданының құрамында болған және орталығы болып келген Ақсуат аумағы өз алдына жеке аудан атанды. Ал Абай облысының аумағында қалған Көкпекті ауданынан Самар ауданы бөлініп, Шығыс Қазақстан облысының құрамына өтті.