Тарих • 05 Наурыз, 2023
Қайып батыр ауылы десек қайтеді?
Бурабайдағы Абылай хан ордасы – Түркістан, Ұлытау секілді Қазақстан тарихында іргелі орны бар, ұлтымызды ұйыстыра білген үлкен ұлыс. Ал өткен жылдарда Түркістанды түлету жұмыстары қарқынды жүргізілді. Кейінгі екі-үш жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірін дамытуға зор көңіл бөліп, бірсыпыра шаруа атқарылды. Абылай хан ордасы да осындай маңызға ие қасиетті мекен. Жаңғыртатын жайттары да көп.
Тұлға • 05 Наурыз, 2023
Көркемсөз бен көсемсөздің дүлдүлі
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында көркемсөз бен көсемсөздің кемеңгері, түркі әлеміне танымал тұлға, заңғар жазушы Мархабат Байғұтты еске алу кеші өтті. Шығармашылық кешке жазушының өмірдегі үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Руханият • 05 Наурыз, 2023
Қолына қаршадайынан домбыра алып, қазақ даласына даңқы шыққан ақын, әнші, сазгер Біржан салмен айтысып, айтыс өнерінің шырқау шыңына көтерілген, осы күнге дейін асыл мұрасы көркемділігі, мазмұндылығымен дәріптеліп, ел есінде сақталған, айтыс өнерінің ақиығы, өлең сөздің саңлағы – Сара Тастанбекқызының туғанына биыл 170 жыл толып отыр.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2023
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі өсіріледі. Түркістандық ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлап отыр.
Экология • 03 Наурыз, 2023
Жұтар ауа жұпар болса... немесе табиғатқа жасалған тағылық тоқтар емес
Атырау облысында мұнай мен газ секілді көмірсутекті шикізаттың қоры көп болғанымен, ауасы жиі ластанады. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, ауа бассейнін бүлдіретіндердің 87 пайызын ірі компаниялар құрап отыр. Оның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорны да бар. Екіншіден, мұнайлы шаһарды көгалдандыру ісі қарқын алар емес. Жасыл желектің аздығынан Атырау қаласын ала жаздай шаң басып тұрады.