Медицина • 06 Наурыз, 2023
Коронавирусқа қарсы тұнба – көп аурудың емі
Мемлекеттік тұрғыдағы іргелі зерттеулердің біршама бөлігі Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтарында жүргізілетіні белгілі. Оның үстіне Үкіметтің қаулысымен университетке былтыр зерттеу университеті мәртебесі берілді. Мұның бәрі жетекші жоғары оқу орнына үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Бұл ретте университет жанындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығының атқарып отырған жұмысы ауқымды. Біз аталған орталықтың директоры Жанар ЖЕҢІСҚЫЗЫМЕН әңгімелескен едік.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2023
Ес жиып, етек баспаған бала кезімізде: «Кеңес елінде Қазақстан деген мемлекет бар. Қазақтың түп-тұқияны сол жер екен» дегенді ұдайы естіп һәм сол «жұмақ» мекенді аңсап өстік. Яки, біздер үшін «Қазақстан» деген сөз қиялымыздағы «Мекке-Медине» еді. Бір күні дүниені дүңк еткізіп тосын жаңалық естілді. Өзіміздің ауылдас ағамыз Қабидаш «Қазақстаннан әйел алып келіпті».
Теннис • 06 Наурыз, 2023
Кәсіби теннисшілер (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) дәстүр бойынша апта басында спортшылардың рейтингін жариялады.
Өнер • 06 Наурыз, 2023
«Құралай көз, қолаң шаш,Алма мойын, қиғаш қас». Иә, әдемілік – әйелге тән. Көктемнің қызғалдағындай құлпырып кететін қыз-келіншектердің ажарын ашатын алқа, жүзік, сыңғырлы сырғасын жасауда өзіндік өрнегін қалыптастырған, бәсекелестікте бәсі жоғары қолөнер шебері Меруерт Ермекованың «Алтын тас» аталатын брендтік бұйымдары әрдайым сұранысқа ие.
Мектеп • 06 Наурыз, 2023
Ұлттық киімді ұлықтаған мектеп
Орал қаласындағы Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы №30 мектеп оқушылары мен ұстаздары наурыз айы туғалы жаппай ұлттық киім киюге көшті.