Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Ұстаздар қауымының 92,6%-ы вакцина алды
Қарағанды облысында індеттің өршуіне байланысты білім беру қызметкерлерінің жаңа оқу жылына деген дайындығына айрықша мән берілген. Сол себепті өңір мұғалімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу іс-шарасы кең ауқымда ұйымдастырылды.
Қоғам • 12 Тамыз, 2021
Заңнамамызда «кибербуллинг» термині жоқ
Қазіргі таңда әлеуметтік желінің дамуы киберкеңістіктегі қылмыстардың көбеюіне алып келуде. Халық көбіне білім, медицина, әлеуметтік салалар, банк жүйесі бойынша түрлі қылмыстың құрбанына айналады дейді заңгерлер.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2021
Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көркем, талай талантты тұлғалар туған – Баянауылды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімімен аталатын тау бар.
Спорт • 11 Тамыз, 2021
Токиода түгелдей дерлік ұтылдық. Неге?
Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында сүреңсіз өнер көрсетті. Оған ешкім дауласа қоймас деп ойлаймыз. Себебі Күншығыс еліне сапар шеккен 11 балуанның тек біреуінің ғана жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетті. Ол – Нұрислам Санаев. Ал қалғандары тегістей ұтылды. Шындықтың бетіне тура қарайтын болсақ, Санаев өз еліміздің төл түлегі емес, Ресейден келген легионер екені баршаға мәлім. Сол жақта күрес өнерінің қыр-сырына қанығып, мықты спортшы ретінде қалыптасты. Міне, осы жайттың өзі-ақ елімізде балуандық өнердің тұралап қалғанын байқатса керек.
Өнер • 11 Тамыз, 2021
Қазақ өнерінің алыбы – Біржан сал бабамыздың асқақ «Айбозым» әнін жұртшылық жақсы біледі. Бұл әнді алғаш сахнада орындаған – дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов. Біз бүгінгі әңгімемізде бір кездері ұмыт бола бастаған осы туындының қайта жарыққа шығуына себепкер болған бір оқиғаны баяндасақ дейміз. Оны бізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжол айтып берген еді.