Өнер • 20 Шілде, 2021
Тағы бір сурет – тағы бір тағдыр. Иә, қылқалам ұшындағы құпиялы әлемнен рухани ләззат аласыз. Сонысымен жанды елітеді, көңілді масайтады. Сенбесеңіз, Салихитдин Айтбаевтың «Әпке» картинасын алып қараңызшы. Не көріп тұрсыз? Шебердің талантына бас иесіз, сосын түсініксіздікке түсесіз. Бұлыңғыр бояу ішіндегі биязы бейне.
Өнер • 20 Шілде, 2021
Ресейдің Астрахань облысындағы қандастарымыз ғана емес, өзге ұлттың өкілдері де қазақтың тарихы мен мәдениетіне, өнеріне қызығушылық танытады. Өйткені аталған өңірдің Володар ауданында қазақтың күй өнеріне мол мұра қалдырған Құрманғазы Сағырбайұлы мәңгілік тыныстаған. Ал күй атасының шәкірті Дина Нұрпейісованың Астрахань облысында тұрғаны анықталып отыр.
Аймақтар • 20 Шілде, 2021
Жастар індетке жиі шалдығып жатыр
Облыста соңғы аптада жаман індеттің шеңгеліне іліккендер саны 1001-ге жетті. Өңір 2 шілдеден бері «қызыл аймақта». Карантин талаптары күшейтіле түсті. Әйтсе де, қауіпті дерттің беті қайтпай тұр. Ең өкініштісі, балалар мен жастар арасында індетке шалдығу оқиғасы көбейіп барады.
Экономика • 20 Шілде, 2021
Салық төлеу – әр азаматтың міндеті. Елімізде 40-тан астам салық түрі бар. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін былтыр салық міндеттемелері мен төлемдер біраз жеңілдеген еді. Бұған қоса, биылдан бастап заңға өзгерістер еніп, салық қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың есепшоты бұғатталмайтын болды.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Ырғыз ауданының төрт түлігі ащы су ішуге мәжбүр
Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарының шаруашылықтары биылғы жазда аптап ыстық пен қуаңшылықтың зардабын әбден сезінді. Әсіресе Ырғыз ауданының Аманкөл, Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінің елді мекендері мен шаруа қожалықтарына мал суару қиынға түсті. Қыста ылғал мөлшері аз, көктемде жауын-шашын болмай, сәуірде Ырғыз өзені тасымады.