Қоғам • 19 Шілде, 2021
Биыл 25 шілдеде елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізілмекші. Жаңалықтан құлақтанған жұрт жақсылықтан үмітті. Өңірдегі саяси науқан қалай ұйымдастырылып жатыр? Маңызды өзгерістен халық не күтеді? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Экология • 16 Шілде, 2021
Іле-Балқаш резерватында бұқар бұғыларының кезекті легі табиғат аясына жіберілді. Қазір қырда ойнақтаған осынау жануарлардың қарасы әжептәуір көбейіп қалды.
Технология • 16 Шілде, 2021
Елімізде «Модельдік цифрлы фабрикалар» жобасы іске асырылып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, жоба төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын енгізуді ынталандыру мақсатында қолға алынған.
Қоғам • 16 Шілде, 2021
«Мені жіберме» («Не отпускай меня»). Тым ауыр фильм. Кәмелетке кеше ғана толған Серікжан жан-жүрегімен түсіне отырып, бір демде көріп шыққан. Кейбіреулер бұл фильмнен кейін өз-өздеріне келе алмай, күйзеліске ұшырапты. Бұл – есімі жалпақ әлемге таныс жазушы Кадзуо Исигуроның Never Let Me Go романының желісімен түсіріліп, 2010 жылы көременге жол тартқан кинотуынды. Үржарлық Серікжан Қажытай осы киноны көрген соң кітабын тауып алып, жата-жастана оқыпты. Кейін бүтін бір романды қазақшаға аударып, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.
Қоғам • 16 Шілде, 2021
Өткен жылы әлемді жайлаған қауіпті індетке қарсы күреске еліміздегі мемлекеттік органдармен бірге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де белсене атсалысты. Осы қауіпті де жауапты істің басы-қасында жүрген сардардың бірі – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов еді...