Спорт • 15 Шілде, 2021
Балуандарымыз бас жүлде үшін белдесе ала ма?
Енді санаулы күндерден кейін Жапонияның Токио қаласында жазғы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Пандемияға байланысты бір жылға кешігіп жеткен аламанға Қазақстан спортшылары сақадай-сай отыр. Отандастарымыз Токио төрінде спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Қоржынымызда 96 жолдама бар.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
Материал – қат, баспана – қымбат
Барлық саладағы белсенді баға өсімі құрылыс секторын да айналып өткен жоқ. Баға күш алып, қарапайым халықтың қалтасына қол салып, біраз үй мен ғимараттың құрылысы қаңтарылғанда барып тиісті ведомство тарапынан тіршілік белгісі байқалды. Ай-күнін санап отыруға зауқымыз жоқ, құрылыс материалдарының ажиотажы басталғалы кемі екі ай өтіп кетті.
Өнер • 15 Шілде, 2021
Эпикалық театр: Сана белсенділігі
Әуезов театры биылғы қысқа маусымында әлемнің Шекспир мен Чеховтан кейінгі ең күрделі әрі қайшылықты авторының бірі – Бертольд Брехтің «Есірген шешей және оның балалары»атты пьесасының желісі бойынша «Пері қатын» қойылымын сахналады.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Өңірдегі малсақ қауымның бағымында 544,2 мың қара мал, 741 мың қой-ешкі, 248,4 бас жылқы бар. Осы малды қыстатып шығару үшін 1 181 мың тонна шөп қажет. Әзірге шабылып, жиналғаны 435,3 мың тонна немесе барлық көлемнің 36,9 пайызы ғана. Биыл көктем шыққалы жауын болмағандықтан шөп сұйық. Қытымыр қыс қамданбағанды қырына алатын түрі бар.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
«Дандай Ысқақұлы жетпіс бес жасқа келіпті» деген хабарды естіп, қайран қалмасыма болмады. Табаны жерге тимей, зуылдап өтіп жатқан заман. Әдебиеттану ғылымына өткен ғасырдың сонау жетпісінші жылдары келіп араласқан ізденуші жас ғалымның ә дегеннен-ақ қазақ әдебиеттану ғылымындағы өз тақырыбын, өз орнын шапшаң иеленіп үлгергені кеше ғана сияқты еді. Жылдар жылжи келе, ғалым осы саланың сарабдал, салиқалы маманы болып қалыптасты. Оған Д.Ысқақұлының ғылыми өмірбаяны куә. Оның ғылыми шығармашылық жолына көз жүгірткен күннің өзінде еріксіз құрғақ тізімді келтіріп, шолу жасауға тура келеді.