Сұхбат • 19 Шілде, 2021
Равиль Шырдабаев: «Ең алғашқы инвесторлар мұнай-газ саласына келді»
Тәуелсіздіктің елең-алаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елге шетелдік инвесторларды тартуға, мұнай-газ саласын әлемдік талаптар деңгейіне көтеруге, сол арқылы ел экономикасын сауықтыруға ерекше маңыз берді. Осындай күрделі кезеңде Тұңғыш Президенттің жанынан табылып, сенімді серіктерінің бірі болған, мұнай өнеркәсібін дамытуға сүбелі үлес қосқан арда азаматтардың бірі – Равиль Шырдабаев. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан ақсақалмен әңгімеміз мұнай өнеркәсібі саласының алғашқы даму кезеңдері мен мемлекеттің қалыптасу жылдарындағы экономикалық ахуал төңірегінде өрбіді.
Сұхбат • 19 Шілде, 2021
Наурызбай қажы Тағанұлы: Амалдың формасы емес, ішкі мазмұны маңызды
Бүгін әлем мұсылмандары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін ерекше ықыласпен қарсы алуда. Исламдағы ең ұлық мерекенің пандемия мен еліміздегі қуаңшылық салдарынан туындаған күрделі жағдайда қалай өтетінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНАН сұрап білдік.
Қоғам • 19 Шілде, 2021
«Қайырымды істер марафоны» жалғасып жатыр
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асып жатыр. Биыл «Қайырымды істер марафоны» аясында республикалық және қалалық деңгейде барлығы 953 іс-шара жоспарланып отырса, оның екеуі республикалық, 436-ы қалалық, 549-ы аудандық деңгейде өтеді.
Экономика • 19 Шілде, 2021
Елдегі бүкіл несие біткеннің барлығын қоса есептер болсақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 8,2 трлн теңге қарыз екен. Ипотека да, жай тұтынушылық несие де соның ішінде. 8,2 трлн дегеніңіз бір ай бұрынғы көрсеткіштен – 3,3, бір жыл бұрынғыдан бақандай 23 пайызға көп.
Қоғам • 19 Шілде, 2021
Өзімізге тән демократиялық ұстанымды білдірейік
Алдағы әкімдер сайлауының елімізді саяси жаңғырту, саяси реформалар бағытын жалғастыру тұрғысынан маңызы зор. Осы ауқымды іс-шараны өткізудің құқықтық негізі де дайын.