Әлем • 28 Маусым, 2019
Есірткі айналымы: құрдымға кеткен картельдер
БҰҰ-ның есебінше, жыл сайын әлемдік есірткі трафигінің айналымы қаржыға шаққанда 700-800 млрд долларға бағаланады. Бұл сома мұнай нарығындағы көрсеткішпен пара-пар. Есірткі заттарының жоғары өтімділігі аталған индустрияның белең алуына сеп болып отыр. Осыған орай заңсыз бизнестің Қазақстандағы және әлемдегі конъюнктурасын бағамдап көруді жөн көрдік.
Руханият • 28 Маусым, 2019
1996 жылдың басы. «Халық кеңесі» газетінде жұмыс істеп жүрген кезіміз. Бір айдан кейін «Егемен Қазақстанға» келеміз деген ой қаперімізге де келмеген. Кейде өмірдің өзі күтпеген жерден тарту жасап, ағысы асау арналардан бір-ақ шығарады екен. Ағысы асау дегенім, «Егемен Қазақстан» мен үшін дәл солай елестейтін.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Белгілі журналист Совет Шиманбай жайлы бір үзік сыр
Алтын бесік Ақтоғайдан шыққан қазақ журналистикасының дарабозы Совет Оспанғалыұлы Шиманбай еді. Өзі өмір бойы қызмет бабымен біреулерге телефон соғып, таныстырғанда: «Шиманбайдың Советі», деп мағмұрланып, марқайып, бүркітше қомданып қалатын. Өзі отыз жыл қызмет еткен бұрынғы «Социалистік Қазақстан», бүгінгі аға газет «Егемен Қазақстандағы» әріптестері де осылай атап кетті.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Халқымызда «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген қанатты сөз бар. Мұны Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасының жарылуына байланысты әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгімелерді қарша боратып, сапырып жатқан адамдарға байланыстырып айтуға болады. Себебі отандастарымызды бір үйдің балаларындай жұмылдырған төтенше оқиға салдарына құлақ тігіп, алаңдап отырған ағайынды «сұмдық» ақпараттармен үрейлендірушілерді «етектен тартатын бөрі» демеске лажың жоқтай.
Аймақтар • 28 Маусым, 2019
Апат болған қаладағы ағайын үйлеріне оралады
Арыстағы апатқа төртінші күн. Елдігіміз сынға түскен, сыналған ауыр күндердің аяғы көңіл демеген жаңалыққа ұласып келеді. Ақмешітке жиналған арыстық ағайынның жанайғайын, мұң-зарын, талап-тілегін ескерген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев «эвакуацияланған тұрғындарды Арыс қаласына қайтып көшіреміз», деді.