Қоғам • 27 Маусым, 2019
Жұмыстан қашпаған адам жерде қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты жұмыспен қамту, табыс көлемін арттыру мәселелерін басымдық берілетін бағыттардың бірі ретінде айтқан болатын. «Төртінші бағыт. Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл – стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», деген болатын Президент.
Экономика • 27 Маусым, 2019
Транскаспийлік бағдар бойынша жүк ағыны ұлғаяды
Нұр-Сұлтан қаласында Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы және «ТХКБ» халықаралық қауымдастығының жалпы жиналысы өтті.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
«Сойыл күшін басқа түскен біледі» дегендей, Арыстағы ауыртпалықтың ахуалын, әрине арыстықтардан артық ешкім сезінбеген болар. Десе де, күллі ел болып, көмек қолын созып жатқан тұста қамыққанның жұбанатыны, тарыққанның қуанатыны анық. Халқымыз да «Орнында бар оңалар» демей ме?! Сондықтан бұл күнде «Арыс, біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында қазақстандықтар аянып қалып жатқан жоқ. Қолдарынан келген көмекті көрсетіп, бірі қаржылай, бірі заттай жылы көңілмен жылуға үлес қосқан ағайынның ауызбірлігіне қарап отырып, қандай қиындыққа да қарсы тұруға болатынын бағамдадық. Ел екенімізді, біріксек бізден қуатты күш, бізден мейірімді қауым болмайтынын байқаттық. Осы орайда тілшілеріміз ел өңірлерінен Арысты бетке алған гуманитарлық керуенге қолдау көрсетушілердің көбейе түскенін хабарлап отыр.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Қуанса, ана қуансын, қуанса, бала қуансын!
«Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» дегендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығы барша қазақстандықтарды қуантқан, әсіресе балаларын жеткізу, емдету жолында тұрмыс тауқыметімен басына тартқан көрпесі аяғына жетпей, көз жасын бұлап жүрген ата-аналарға айтарлықтай демеу беріп, көңілдерін жадыратқандай болды. Иә, қуанса, ана қуансын! Қуанса, бала қуансын! Әлбетте, «Құдығына қарай қауғасы, базарына қарай саудасы» болған нарық заманында несиесіз тіршілік ету де оңай емес. Сондықтан Президенттің бұл пәрмені халықтың әлеуметтік тобына қарызды пұлсыз беріп, құнсыз алғандай өте қолайлы тигені жасырын емес. Яғни көп балалы, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын, мүгедек балалары бар және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар мен ата-анасынан айрылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 300 мың теңгеге дейінгі тұтынушылық берешегі кешірілмек. Бұл – қоғам тарапынан «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясындағы мемлекеттің қолдауын кешенді ете түсетін ізгі қадам ретінде бағаланып отыр.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
24 маусым. Арыс. Тоғыз ай анасының құрсағында жатқан нәрестенің жарық дүниеге талпынысы таң қылаң бере басталды. Ай-күні толған әйел әдеттегідей ауруханаға жеткізілді. Сүтпісірім уақыт өтпей айнала әлем-тапырық болды да кетті. Қатты жарылыстан аурухана терезесінің быт-шыты шығып, есіктері сынды. Толғағы жиілеген келіншек акушер Нағимамен бірге жан сауғалап, қала сыртына қалың қауыммен бірге қаша берді. Снарядтар құласа құлақтарын басып, жер бауырлап жата қалады. Балабақшада қалған 3 жасар қызын еске алған сайын ана жүрегі қарс айырылып, көз жасына ерік береді. Бұл 23 жастағы Кенженің қиын сәтте қасында болған қайырымды жандардың әңгімесі.