Қазақстан • 27 Маусым, 2019
Отандық ауыл шаруашылығы саласының алдына қойылған басты міндеттердің бірі – экспорттық әлеуетті арттыру. Осы міндет қалай жүзеге асырылып жатыр? Сала министрі Сапархан Омаровтың 2018 жылғы жетістіктерді қорытындылаған жиынында соған көз жеткізуге тырыстық.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?
Қазақстан Қарулы Күштерінің Арыс қаласының жанында орналасқан қару-жарақ қоймаларының бірінде сақтаулы тұрған оқ-дәрілер жарылып, соңы алапат өртке ұласқандығы белгілі. Оқиға орнына арнайы барып, зұлматтан бас сауғалаған арыстықтарға басу айтып, жарылыстан бүлінген орындарды аралап шыққан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ оқиғаға кінәлілердің заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді.
Әлем • 27 Маусым, 2019
Биылғы 9 маусымда елімізде және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріндегі 65 сайлау учаскесінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Қазақстан халқының 77%-ы қатысқан сайлауда Nur Otan партиясы ұсынған үміткер Қ.Тоқаев 70,96 пайыз дауыс басымдығымен жеңіске жетті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2019
«Егеменнің» еңбегі еленген күн
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Президентінің Алғысы жарияланды.
Руханият • 27 Маусым, 2019
Әдебиет әлемінде шығармашылығын ақындық жолдан бастап, кейіннен жазушылыққа ойысқан немесе жазушылықтан ақындыққа бет бұрған қаламгерлер аз емес. Мысалы, орыс поэзиясының пірі Пушкин жазған «Капитан қызы» ақынның жазушылық шеберлігін танытса, поэзия мен проза жұптасқан мұндай мысалдар біздің көркем әдебиетте де аз кездеспейді.