Қазақстан • 27 Маусым, 2019
Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігінің халық алдындағы есебінің қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Онда министр Қанат Бозымбаев сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады.
Экономика • 27 Маусым, 2019
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың мамырына дейінгі атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Кеше Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесіп, апатқа байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ гуманитарлық көмек бойынша өзге өңірлерден келген заттарды қарсы алу жұмыстарына қатысып, зардап шеккен ата-аналармен және балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2019
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақ елі, мемлекет мүддесі үшін атқарған қызметіне орай Алматыда «Кемеңгерліктің 30 жылдығы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ғылыми конференцияның өтуіне ұйытқы болған – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі және Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы. Егемендігіміздің әрбір қадамын аңдатар, тәуелсіздігіміздің тұтас тарихындағы ел болып қалыптасудағы батыл қадамдар мен бірегей шешімдердің иесі Елбасының ертеңгі ұрпаққа аманаты мен өсиеті осы конференция барысында айқын көрінді. Тұңғыш Президентіміздің әр сөзіне «Елбасымыз не айтты?» деп ойланып, ғылыми-сараптамалық тұрғыдан жауап іздедік. Ел-басымыздың келешекке арнаған әрбір жетелі сөзіне зер сала отырып, төмендегідей ойымызды түйдік. Өздеріңізбен де бөлісуді жөн көрдік.
Үкімет • 27 Маусым, 2019
Ресей аумағына өту тәртібі жеңілдейді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.