Қоғам • 28 Маусым, 2019
Борыш жүктемесі қалай жеңілдетілмек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар әлеуметтік санаттағы азаматтардың қарыз жүктемесін жеңілдету жөніндегі Жарлығы қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімін еселей түсті. Соған қарамастан аталған мәселенің байыбына бармай, қоғамда әртүрлі алыпқашпа әңгімелердің де қаулай беретіні түсінікті. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық туралы ақпараттандыру өте өзекті мәселе. Біз қолда бар деректерге сүйеніп, қоғам тарапынан болуы мүмкін ықтимал сұрақтарға аз-кем тоқтала кетуді жөн көрдік.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Сұлтан Раев: Азия әдебиетінің алтын дәуірі келе жатыр
Қазақ оқырманы мен көрермені үшін Сұлтан Раев есімі «Меккеге қарай ұзақ жол» әфсанасы арқылы жақсы таныс. Қырғыз қаламгерінің аталған туындысы бірнеше жылдан бері театр сахналарында үздіксіз қойылып, талай көрерменнің ыстық қошеметін еншілеп келеді. Енді, міне, қазақ оқырманына «Жанжаза» романы арқылы жазушылық әлемінің де есігін айқара ашып берген суреткер сәті түскен сұхбатымызда шығармашылық шеберханасының қыр-сыры мен қоғамдық ойларын ортаға салды.
Руханият • 28 Маусым, 2019
Қазақ хандығының тарихында ел билеген хандар көп болса да есімдері отандық тарихта алтын әріппен жазылуға лайықтылары санаулы ғана. Тарих олардың есімдерін халқына сіңірген еңбектеріне қарай бағалап, бүгінге дейін жеткізіп отыр. Керей мен Жәнібек хандар, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хан секілді Есім ханның есімі де жазба дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетінің материалдары арқылы ел тарихында сақталған. Зерттеушілердің міндеті олардың ел тарихындағы алар орны мен атқарған рөлін анықтап, ел жадында мәңгі қалдыру болып табылады. Осыған орай, біз бұл мақаламызда 1598-1628 жылдары қазақ тағын иеленген Есім ханның тарихи тұлғалық болмысы мен тарихи рөлін қарастырмақшымыз.
Руханият • 28 Маусым, 2019
«Ер қанаты – ат» деген сөз қазақта ежелден бар. Жылқы түлігін қасиетті жеті қазынаның біріне балап, ғасыр қойнауынан жақұт болып жеткен жырларда, дәуір жүгін арқалаған дастандарда азаматы мен қазанаты қоса суреттеліп отырған. Дала данышпаны хакім Абайдың да жылқыға деген көзқарасы ерекше болған. Біз мұны ақынның шығармалары мен замандастарының естеліктері арқылы білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақ халқының атқа міну мәдениетін: «Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді» деп айрықша тоқталғаны белгілі.
Әлем • 28 Маусым, 2019
Қабылданған қарарды мойындар емес
Өткен ғасырдың орта шенінде, дәлірегі 1949 жылы құрылған, 50-ге жуық ел мүше болып кірген, штаб-пәтері Страсбургте (Франция) орналасқан, кеңесші орган мәртебесіне ие Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Ресейді қайта қабылдау туралы шешімі бірқатар мемлекеттің қарсылығын тудырып отыр.