• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Құндылықтарымызды қастерлей білсек...

392 рет
көрсетілді

  («Егемен Қазақстан», 26 шілде, 2016 жыл)  Фарида Бықайдың «Қоңыр әулие» үңгірі туралы жазған мақаласын оқып, («Егемен Қазақстан», 26 шілде, 2016 жыл) өз пікірімді қосып отырмын. Мен Баянауылдың қызымын. Сондықтан, үңгір туралы біраз білетінім бар. Бұл үңгір, шын мәнінде, көпшілікке ой салатындай-ақ. Мұндай киелі мекендерге ниеттеніп, ақжарқын көңіліңмен, жүрегіңмен сезініп баруың керек. Әріптесіміздің осы сапарында оқырманға салмақты ой саларлықтай көп ұсыныс айтылыпты. Әулие үңгірдің тылсым-кереметі нақтылы, дәлелді түрде жеткізіліпті. Расында да, өңірімізде көптеп кездесетін осы «Қоңыр әулие» тектес үңгірлер қаншама?! Әлі де қаншасының сыры ашылмай жатқан болар? Бұл тұрғыда әр жерде дерек жинаған жергілікті өлкетанушылар мен шежірешілердің осындай құдіреттердің қадір-қасиеті мен киесін көпшілікке танытып, жеткізіп отырғаны құптарлық. Десек те, көп жерде мұндай адамдар жоқтың қасы ғой. Ф.Бықай айтып отырған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары келетін болса, бұл тарихи-танымдық маңызы бар жәдігер­лер­дің келер ұрпаққа берері әлі де көп болмақ. Шынымен де, журналистің республикалық маңызға ие болып отырған қорым-оба, үңгірлер сияқты тарихи құндылықтарымызды болашақта еліміздің «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пай­далану туралы» Заңына кіргізіп, оны қорғап-сақ­тау керек деген ойын құптаймын. Мұнда қазақ хал­­қы­­ның көз жасы, ой-арманы, мақсат-мүддесі, бас­қан жолы мен салт-санасы, қуғын-сүргіні жатыр. Егер де тари­хи-мәдени басқарма негізінде арнайы тізім­­ге ен­гізілетін болса, бұл туризмді, туристік клас­­тер­­ді дамытуға бағытталған бірден-бір жоба болар еді. «Қоңыр әулие» үңгірі-жердегі жануарлар мен құстар әлемін қорғаушының Тәңірге табыну заманынан келе жатқан киелі орны. Сол заманда өмір сүр­ген қазақтар Қоңыр әулие маңында орналасқан ана кей­пінде шалқасынан жатқан тау­ды «Баянды ана» деп атаған. Олай аталу себебі, ауырған адам ем іздеп, баласы жоқ бала сұрап, кедей байлықты аңсап, бай байлығын асыруға осы таудың етегіне келіп, құрмалдық шалған көрінеді. Малдың ішек майынан білте жасап жағып, үңгірге келген адамдардың ниеттері қабыл болып, халық баянды өмір сүре бастаған. Сол заманның қазақ даласын­да жазылмаған заңы болған. Атты адам ауыл сыр­ты­­нан шауып өтпей, жөн сұрасып, бара жатқан бағы­­тын айтып отырған. Жолаушыдан: «Қайда бара­сың?» – дегенге: «Баянды ауылына барамын» – деген екен. Сол себептен, Баянауыл атауы содан қалыпты десе-ді. «Баян» деген сөз баянды деген ұғымды біл­діре­ді. Баянауыл еліндегілер Алланың нұры жауып, баянды өмір кешкен. Әрине, оған жоғарыда ата­ған дана-дарындыларымыз, ғұламаларымыз бен табиғаты дәлел. Ләззат ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, журналист ПАВЛОДАР