• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2016

Samsung Galaxy Note 7 смартфонын экспорттауды тоқтатты

270 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы Galaxy Note 7 аккумуляторларының жарылғаны туралы хабарлардан кейін бұл смартфондарды экспорттауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. «Атап айтқанда, бұл шара халықаралық жеткізулермен айналысатын Вьетнамдағы Samsung зауытына қатысты» деп жазған хабарлады оңтүстіккореялық агенттік. Оңтүстік Кореяда Note 7 үлгісін сату 19 тамызда басталды, ал қыркүйек айының басында АҚШ, Оңтүстік Корея, Тайваньда смартфондарды қуаттау кезінде өртену фактілері хабарланған соң, компания 2,5 млн. смартфонды әлемдік нарықтан қайтарып алу туралы шешім қабылдады.