Гаитиде «Мэтью» дауылынан қаза болғандар саны 1 мыңнан асты, деп хабарлайды жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі.
Дереккөздің ақпарынша, елде тырысқақ індеті тарай бастаған, соған байланысты қаза болғандарды бірге жерлеп жатыр.
Айта кетейік, жексенбі күні елде президенттік және парламенттік сайлаулар өтуі тиіс болған. Бірақ жойқын дауыл салдарынан сайлау белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл ретте, Гаитидің Уақытша сайлау кеңесі науқанның жаңа датасын 12 қазанға дейін айтуға уәде берді.
Егемен-ақпарат