• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2016

Токиоға сапарым екі ел қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығаруға ықпал етеді деп сенемін - Елбасы

325 рет
көрсетілді

Бүгін Ақордада бірқатар шетел елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның Жапониямен ынтымақтастығының стратегиялық маңызы бар. Премьер-министр Синдзо Абэнің былтырғы қазандағы Астанаға алғашқы сапары айтулы оқиға болды. Менің биылғы жылғы Токиоға сапарым қарым-қатынастарымызды жаңа, сапалы деңгейге шығаруға ықпал етеді деп сенемін», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы Қазақстан-Грекия байланысы дамуының перспективалары бар екендігін, грек әріптестерінің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жандандыру ниетін қолдайтындығын баса айтты. Сонымен қатар Германиямен өзара іс-қимыл Қазақстан үшін Еуропалық бағыттағы ынтымақтастықтың ерекше маңызына ие екендігін, 2012 және 2015 жылдардағы Берлинге сапары және Германия канцлері Ангела Меркельдің Астанаға сапары екіжақты қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтергенін атап өтті. «Қазақстанның Швейцариямен диалогы қарқынды даму үстінде. Экономика және инвестция салаларында айтарлықтай әлеует бар. 2016 жылдың 7 айының ішінде екіжақты тауар айналымы 2,5 млрд. АҚШ долларына жетті. Нидерланды біздің экономикадағы шетелдік инвесторлардың көшін бастап келе жатқан ел. Гаагаға 2014 жылғы сапарым және Премьер-министр Марк Рюттенің былтырғы жылғы желтоқсандағы Астанаға сапары екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға толық серпін берді.  Нидерландыны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2018 жылғы тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз», - деді Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Қазақстан Ватиканмен арадағы қарым-қатынастарды айрықша бағалайтындығын атап өтті. Жақын арада өтетін Қазақстан мен Австрияның үкіметаралық комиссиясы іскерлік кеңесінің кезекті отырысында үлкен істер көтерілетілігіне сенім білдірді. «Катарды Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын әрдайым қолдайтын мұсылман әлеміндегі әріптесіміз деп қабылдаймыз. Катар әмірінің 2014 жылғы Астанаға сапары, менің былтырғы Дохаға сапарым екіжақты, сапалы, өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізді. Экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту түсу үшін шығанақпен байланыстыратын Қазақстан, Түркіменстан, Иран темір жолы мүмкіндігін пайдаланасыздар деп сенемін», - деді Қазақстан Президенті.