• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2016

Арқалықта пәтер өртеніп, екі бала қайтыс болды

269 рет
көрсетілді

Арқалық қаласының Маясов көшесіндегі көп қабатты үйдің бір пәтерінен өрт шықты.  Үйдің есігі ішінен жабылғандықтан өрт сөндірушілер  есікті бұзып кірді. Олар кіргенде бір бөлмедегі жиһаздар өртеніп жатты. Келесі бөлмеде 2011 және 2012 жылы туған екі бала ес-түссіз табылды. Өрт сөндірушілер оларды далаға шығарып, «Жедел жәрдем» бригадасына тапсырады. Бірақ балалар ауруханаға апара жатқанда қайтыс болды. Құтқарушылар үйден 11 адамды көшіріп, бір баланы жоғары қабаттан автосаты арқылы алып түсті.  Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды. Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметі мамандарының айтуынша, от үйде қосулы қалған су ысытатын құрылғыдан тұтанған. Нәзира Жәрімбетова, Арқалық