• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2016

«Қайрат» футбол клубы жекешеленбейді - Бишімбаев

303 рет
көрсетілді

«Қайрат» футбол клубы жекешелендірілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. «Жекешелендіру үрдісінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында The Boston Consulting group халықаралық консультантының қатысуымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» ұлттық холдингтерінің жанынан Жобалық кеңселер, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жанынан жұмыс тобы құрылды. ТОП-65 және «Самұрық-Қазынаның» 173 компаниясын жекешелендіру бойынша Жобалық кеңселердің ұсыныстары Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарастырылады» деді ол. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Мемлекеттік комиссияның 5 отырысы өтті. Онда Қордың 217 компаниясынан 129-ы бойынша шешімдер қабылданды. Оның ішінде 2 компания ТОП-65-ке кіреді. Екінші тізбедегі 127 компанияның 59-ының активтері жойылуға жатады, 12-сі қайта ұйымдастыруға жіберілсе, 1-уі  атап айтқанда «Қайрат» ФК тізбеден шығарылды. 55 активтер сатылады, олардың 32-сі сатылды. «Біз жылдың аяғына дейін Қордың екінші тізбесіндегі қалған 44 компанияларды сату жөнінде ұсыныстарды Мемлекеттік комиссияның қарауына шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Қордың мынадай ірі компанияларын: «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Энерго» ТОП-65-тен IPO-ға шығармақпыз» деді Бишімбаев.