• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

165 рет
көрсетілді

 Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Онда Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты бастамашы болған «Жайылымдар туралы» және оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда талқылауға ұсынылады деп күтілуде. Құжат еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған ортаның экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға ба­ғы­т­талады. Сондай-ақ, осы күні де­пу­­таттар Париж келісімін ратифика­ция­л­ауға қатысты заң жобасын қара­мақ. Бюро отырысында Аграрлық мәселелер комитетінің Ақмола облысында көшпелі отырыстарын өткізу мәселесі де назардан тыс қалмады.