• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

ОҚО-да мұғалімнен таяқ жеген оқушы жансақтау бөліміне түсті

353 рет
көрсетілді

  Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент ауылының тұрғыны бесінші сыныпта оқитын ұлы Абидин Ырыстаевты мектеп мұғалімі соққыға жығып, соның салдарынан бала басы мен миынан ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде TVK телеарнасы хабарлайды. Оқиға 21 сәуір күні Рашидов атындағы №64 мектепте болған, бірақ ол туралы енді ғана мәлім болып отыр. Өзбек тілі сабағында балаға әлдебір грамматикалық ережені түсіндіре алмаған мұғалім оның басын партаға бірнеше рет ұрған. "21 сәуір күні жұмыстан келгенімде балам Абидиннің бірнеше мәрте есінен айрылғанын естіп-білдім. Біз оны алып орталық ауруханаға бардық. Баламды жансақтау бөліміне жатқызды. Онда үш күн емделді. Таңғаларлығы, бұдан кейін оны гайморит деген диагнозбен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырды. Бұл жерден шыққан соң ұлымды балалар ауруханасына апардым. Онда бас және ми жарақатын алған деген алғашқы диагноз расталды" дейді оқушының әкесі Шерали Зундинов. Абидиннің өзі ол оқиға туралы "Өзбек тілі сабағында диктант болған еді. Мен үлгере алмадым. Сосын мұғалім басымды екі рет партаға ұрды. Басым қатты ауырды. Сосын жаныма бір сыныптасымды қосып мені үйге жіберді. Жолда келе жатып есімнен танып құлап қалдым" дейді. Ата-ана дереу полиция мен аудандық білім бөліміне арыз жазған. Алайда оқушының әкесі Шерали Зундинов не мектеп әкімшілігі, не құзіретті органдар ешбір шара қолданбағанын айтады. Тергеуші Талат Дәулетбақов уақытты созып жүр, ал аудандық білім бөлімі арызға мән беріп те қарамады дейді ол. Жарты жылдан соң, баланың көру қабілеті күрт нашарлай бастаған. Шерали Зундинов әділдік іздеп «Нұр Отан» партиясының облыстық штабына барды. «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдау жетекшісі Берік Құлжанов әкеге тағы бір арыз жазуға кеңес беріп, шара қолданатындарын жеткізді.