Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары деңгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстанның бертіндегі үкіметаралық байланыстарының оң нәтижелерін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар түрлі бағыттарындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығы айтылды.
Бұдан бөлек, Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.