• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2016

Алматыда алаяқ банк қызметкері болып тұрғындарды алдап келген

338 рет
көрсетілді

  Алматы полициясы бірнеше рет алаяқтықпен айналысқан ер адамды әшкереледі. Қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, күдікті Е. Пучков интернет арқылы несие ресімдемек болған адамдарды тауып, оларға өзін екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлады қалалық ІІД.  Ол азаматтарға несиені мақұлдауға және кейін оны тезірек ресімдеуге көмектесетінін айтып уәде берген. «Ол азаматтармен ХҚКО бірінің маңында кездесіп, алдын-ала төлемді алып, ХҚКО ғимаратына кіріп, басқа есік арқылы ол жерден ізін суытып отырған. Осындай жоспармен Пучков, алдын ала болжам бойынша, 20 адамды алдаған», - деп хабарлады Алмалы аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Абзал Тұрғаналы. Қазір ол ұсталды және жасаған қылмысын мойындады. Полиция аталған азаматтың арбауына түскен өзге азаматтардан Алмалы аудандық ІІБ-ге баруды немесе 254-46-12; 254-46-66; 8-702-695-12-94; 8-778-333-53-27 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрады.