• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2016

Жасампаздық жылнамасы

432 рет
көрсетілді

1997 *1 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауы жарияланды. «1996 жыл жеті жыл ішінде республикада өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті түскен тұңғыш жыл болды. Оның үстіне өткен жылы өнеркәсіп өнімін шығару жарты процентке ұлғайды, ал селодағы өндіріс 7 процентке өсті», – делінген Елбасы Үндеуінде. * 7 қаңтарда Шет елдерде тұратын отандастарды қол­даудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Елбасы Жарлығы жарияланды. * 8 қаңтарда Президент Жарлығымен Жамбыл об­лы­сы­ның ор­­та­­лығы – Жамбыл қаласының аты Тараз қаласы болып өзгер­тілді. * 9-11 қаңтар аралығында Бішкекте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары үш елдің Мемлекетаралық ке­ңесі шеңберінде кездесті. Кездесу соңынан үш елдің ара­сын­дағы «Мәңгілік достық туралы» шартқа қол қойылды. * 14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Экономикалық Ын­ты­мақ­­тас­тық Ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы О.Озарды қабылдады. * 30 қаңтарда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық­аралық экономикалық форумға қатысу үшін Швей­цари­я­ның Давос қаласына келді. Форумның ашылуына орай жарық көрген «Уорлд линк» журналының арнаулы нөмірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті басылып, Қазақстан туралы көлемді материал берілді. * 11 ақпанда Президент Жарлығымен И.С.Конев атындағы Алматы Жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы болып қайта құрылды. * 21-22 ақпан күндері Президент Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапары­мен Қытай Халық Республикасында болды. Сапар бары­сында Н.Ә.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьмен эконо­мика, саяси және гуманитарлық салалардағы бірқатар мәселе­лерді талқылады. * 27 ақпанда Түрікменстан Президенті Сапармұрат Ниязов Алматыға ресми сапармен келді. Екі ел басшыларының келіс­сөзінен кейін Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту туралы Декларацияға қол қойылды. * 28 ақпанда Алматыда Арал теңізі мәселелеріне арналған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті өтті. Әңгіме Аралды қорғау халықаралық қоры төңірегінде болды. Бес мемлекет басшысы Алматы Декларациясына қол қойды. *7 наурызда Қазақстанға Литва Республикасының Прези­денті А.Бразаускастың ресми сапары болды. * 11 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға рес­ми сапармен келген НАТО-ның Бас хатшысы Хавьер Солана бас­таған осы ұйымның делегациясын қабылдады. Қазақстан Сол­түстік Атлантика альянсының жетекшісі Орталық Азия аймағы бойынша жасайтын сапарында алғаш келген елі болды. * 1 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауы жарияланды. «1996 жыл жеті жыл ішінде республикада өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті түскен тұңғыш жыл болды. Оның үстіне өткен жылы өнеркәсіп өнімін шығару жарты процентке ұлғайды, ал селодағы өндіріс 7 процентке өсті», – делінген Елбасы Үндеуінде. *7 қаңтарда Шетелдерде тұратын отандастарды қол­даудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Елбасы Жарлығы жарияланды *8 қаңтарда Президент Жарлығымен Жамбыл об­лы­сы­ның ор­­та­­лығы – Жамбыл қаласының аты Тараз қаласы болып өзгер­тілді. * 9-11 қаңтар аралығында Бішкекте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары үш елдің Мемлекетаралық Ке­ңесі шеңберінде кездесті. Кездесу соңынан үш елдің ара­сын­дағы «Мәңгілік достық туралы» шартқа қол қойылды. *14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Экономикалық Ын­ты­мақ­­тас­тық Ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы О.Озарды қабылдады. * 30 қаңтарда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық­аралық экономикалық форумға қатысу үшін Швей­цари­я­ның Давос қаласына келді. Форумның ашылуына орай жарық көрген «Уорлд линк» журналының арнаулы нөмірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті басылып, Қазақстан туралы көлемді материал берілді. *11 ақпанда Президент Жарлығымен И.С.Конев атындағы Алматы Жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы болып қайта құрылды. * 21-22 ақпан күндері Президент Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапары­мен Қытай Халық Республикасында болды. Сапар бары­сында Н.Ә.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминмен эконо­мика, саяси және гуманитарлық салалардағы бірқатар мәселе­лерді талқылады. * 27 ақпанда Түрікменстан Президенті Сапармұрат Ниязов Алматыға ресми сапармен келді. Екі ел басшыларының келіс­сөзінен кейін Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту туралы Декларацияға қол қойылды. *28 ақпанда Алматыда Арал теңізі мәселелеріне арналған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті өтті. Әңгіме Аралды қорғау халықаралық қоры төңірегінде болды. Бес мемлекет басшысы Алматы декларациясына қол қойды. * 7 наурызда Қазақстанға Литва Республикасының Прези­денті А.Бразаускастың ресми сапары болды. *11 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға рес­ми сапармен келген НАТО-ның Бас хатшысы Хавьер Солана бас­таған осы ұйымның делегациясын қабылдады. Қазақстан Сол­түстік Атлантика альянсының жетекшісі Орталық Азия аймағы бойынша жасайтын сапарында алғаш келген елі болды. * 20 наурызда Орталық органдарды Ақмола қаласына көшіру мәселелері бойынша министрліктер мен мемлекеттік комитеттер басшыларымен өткізілген жұмыс бабындағы кеңес өтті. Сол жылғы қарашаның 1-інен кешікпей Ақмолада орналасуға тиіс 27 ведомствоны қабылдауға әзірліктің барысы қаралды. * 27-28 наурызда Президент Н.Ә.Назарбаев Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты. *5 сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін, дәлірегі, 1996 жылдың 30 желтоқсанында «1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Президент Жарлығы шыққан болатын. *8 сәуірде Қазақстанға Қырғызстан Республикасының Президенті А.Ақаев сапармен келді. *22 сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың құ­ры­­­лы­­мын оңтайландыру, басқару жүйесін жетілдіру, аппаратты елеулі қысқар­тып, оны ұстауға кететін шығынды азайту бағытын одан әрі жалғастыратын жарлықтар шығарды. Оларға сәйкес республика құқық қорғау органдарының жүйесі одан әрі реформаланды, Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. Торғай облысының біраз ауданы Ақмола облысына, біраз ауданы Қостанай облысына, ал Талдықорған облысы тұтастай Алматы облысына қосылды. Осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам қүқығы жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілді. Комиссия Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. *24 сәуірде Мәскеуде Ресей, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан бас­шылары кез­десіп, Шекара айма­ғындағы қарулы күштерді қысқарту туралы бесжақты келісімге қол қо­йылды. Сондай-ақ, Қазақстан Пре­зи­денті Н.Назар­баев пен Ресей Прези­денті Б.Ель­цин Қа­зақ­­стан-Ресей ара­қа­тынасындағы ұзақ мерзімді ын­ты­­­мақ­­тас­тық прин­­цип­терін анық­тай­тын жаңа құжат да­йын­дау туралы келі­сімге қол жеткізді. *3 мамырда елі­міздің әкімшілік-аумақтық құры­лысын жетіл­діру жөніндегі шаралар негізінде Жезқазған, Көк­шетау, Семей об­лыстары тара­тыл­ды. *5-6 мамыр күндері Қазақ­станға Италия Республикасының Президенті Ос­кар Луиджи Скаль­фароның ресми сапары болды. Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар нақты жобаларын талқы­лады. Бұл тура­лы «Егемен Қазақ­стан» газе­ті­нің 6 мамырдағы нөмірінде «Қазақ­стан-Италия: Ын­тымақтастық көк­жие­гі кеңейеді» тақырыбымен мақала жарияланды. *10 мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев Алматыға келген ГФР Федералдық канцлері Г.Кольмен кездесті. * 10 маусымда Қазақстанға ресми сапармен Әзербайжан Республикасының Президенті Г.Алиев келді. Н.Назарбаев пен Г.Әлиев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытып, тереңдету туралы Декларацияға қол қойды. * 23 маусымда Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының XIX арнаулы сессиясына қатысқан Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші пленарлық мәжілісте сөз сөйледі. * 24-25 шілде күндері Қырғызстанда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбек­станның Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті. Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Ақаев, Ислам Каримов бірқатар маңызды проблемаларды, оның ішінде аймақтық қауіпсіздік, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің қызметі мәселелерін талқылады. Мемлекеттердің басшылары бауырлас үш елдің мәңгі достығы туралы шарт талаптары аясында экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі нақты шаралар туралы шешімге қол қойды.