• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2016

Гүлшара Әбдіқалықова жастар театрының қойылымын тамашалады

218 рет
көрсетілді

Парламент депутаттары, еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері тамашалаған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» жарлығына сәйкес, қазан айына «Мәңгілік мұра» деген атау беріліп, ол Қазақстан халқы мәдениетінің жетістіктеріне, өнер мен  шығармашылықтың баға жетпес үлгілеріне арналып отыр. Көрермен назарына ұсынылған қойылым көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысы негізінде қазіргі заманға сай үлгіде сахналанып, лирикалық әуенмен көмкеріліп, керемет үйлесіммен берілді. Спектакль алдында Г.Әбдіқалықова  республикалық  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, Мемлекет басшысының еліміздің мәдениет саласының маңызды рөлін талай рет айрықша атап көрсеткенін айтты.  Бүгінде елімізде  64 театр, 234 мұражай, 4168 кітапхана және 3180 клуб жұмыс істейді. Мемлекеттік хатшы «Жастар» театрында оның қазіргі жұмысымен, шығармашылық ұжымымен және алдағы жоспарларымен танысты. Гүлшара Әбдіқалықова еліміздің рухани-мәдени өміріндегі «Жастар» театры шығармашылық труппасының  зор үлесін атап өтті.