• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

«Технодом» жомарттық танытты

282 рет
көрсетілді

«Технодом» мен Универсиада дирекциясы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. 2017 жылғы Универсиада өткеннен кейін «Технодом» компаниясы 500 данадан астам техниканы спорт мектептеріне тапсырады. 11 қазанда Алма­тыда 2017 жылғы 28-ші Дүние­жүзілік қысқы Уни­вер­сиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы мен «Технодом» ком­паниясы ынтымақтастық туралы шартқа ресми түрде қол қой­ды. Аталған шарт аясында Уни­вер­сиаданы ұйым­дастыру коми­теті­нің жұмы­сын жабдықтау мақ­сатында 500 данадан астам тех­ника мен жабдық беріледі, олар Уни­версиада өткізіл­геннен кейін Ал­маты қала­сындағы спорт мектеп­теріне тапсырылатын болады. Қол қою рәсіміне «Технодом» ком­па­ниясының президенті Ренат Исмаилов пен 2017 жылғы Уни­версиада дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров қатысты. – «Технодом» компания­­сы­ның әлеуметтік-корпора­тив­тік сая­­сатындағы басты ба­сым­дық­тардың бірі – Қазақстан спорт­ын қолдау, еліміздің болашақ мұра­сына деген, балаларымызға де­ген қамқорлық, сонымен қатар саламатты өмір салтын насихат­тау және осындай ынтымақтастық­қа қол қою – компаниямыздың еле­у­­лі оқиғасы болып отыр. «Технодом» компаниясы спортты бе­л­­­сен­­­ді қолдаумен бірге қоқысты жинау бойынша эко-жарықтар, элек­трон­дық қалдықтарды жи­на­уға арналған арнайы эко-бокс­тар­­ды орнату сияқты түрлі эко-жоба­ларды енгізіп және іске асыра оты­рып, еліміздің экологиясының жақ­саруына да қамқорлық жа­сап отырғаны, сондай-ақ, поли­этиленді пакеттерді қолданудан бас тарту бойынша жобаны ен­­гізу­ді жоспарлап отырғаны туралы айта кеткім келеді. Өйт­кені, біздің бас­ты мақсатымыз – Қазақ­стан­ның болашақ ұрпағына деген қам­қорлық, – деді «Технодом» ком­паниясының президенті Ренат Исмаилов. – Біз Универсиаданы ұйым­­дас­тыруға қолдау көрсе­тіп оты­рған «Технодом» компания­сына алғысымызды білдіреміз. Бұл – Алматы қаласы бизнесінің әлеу­меттік жауапкершілігінің ай­қын көрсеткіші. Ойындар қоры­­тын­дысы бойынша Универ­сиада-2017 мұрасы аясында бар­лық жабдық Алматы қала­сын­дағы спорт мектептеріне тапсы­ры­ла­тын болады, – деп мәлімдеді Наиль Нұров. Универсиада дирекциясы­ның жетекшісі сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық компания­ларды ынтымақтастыққа шақыр­ды. Универсиаданың марке­тин­гтік мүмкіншіліктері өзінің серік­тестерін 12 жарыс күнінің ішінде 1 миллиардтан астам теле­­көрермендер ауди­тория­сы­на көрсетуге мүмкіндік бере­ді. Қазақ­стан тарихында бірде-бір халықаралық оқиға мұн­дай теле­ди­дар­лық қамтуға ие болма­ған еді. Өз кезегінде Ренат Исмаилов Универсиада дирекциясы мен «Технодом» компаниясы ара­сын­­­дағы ынтымақтастық жарыс­­тың ең жоғарғы ұйым­да­с­ты­ру­шылық деңгейде өтуі­не мүм­кін­дік беретініне, ал серік­тестік нәтижелі және өзара тиімді бола­ты­нына айрықша сенім білдірді. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ